Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Денесіне пышақ сұққылаған": Жамбыл облысында екі әйелді айуандықпен өлтірген малшыға қатысты тың дерек

Жамбыл облысында асқан қатыгездікпен өлтірілген екі әйелдің ісіне қатысты тың деректер шықты. Шаруа қожалығында кісі қолынан көз жұмған аспаздың қызының айтуынша, іс басқа бағытқа бұрмаланып, бір жақты қаралып жатыр екен. Ол, күдікті деп жан-жақтан іздестіріліп жатқан қойшының екі бірдей әйелді жалғыз өзі өлтіруі мүмкін емес дейді. Себебі, тергеуде көрсетілгендей оқиға қожалықта емес, басқа жерде болған.

Қаскөй ізін жасыру үшін мәйіттерді осы үйге тығып кеткен көрінеді. Жалғыз Жамбыл облысын емес, бүкіл елдің жағасын ұстатқан қанды оқиға болғалы 1 айдан астам уақыт өтсе де, кісі қолынан көз жұмған әйелдің қызы, әлі есін жия алмай келеді. Қайғыдан қан жұтқан перзенті анасының азаптап өлтірілгеніне сенімді. Себебі, мәйітті жуған кезде, денесіндегі сынған жерлерін көзімен көрген, деп хабарлайды Еуразия арнасы.

Марқұм Гауһар Бакенованың Таразда тұрақты жұмысы болған екен. Карантин басталғалы жұмысынан айырылып, уақытша осы қожалыққа аспаз болып орналасыпты сол кезде.

"Шомылдырған кезде көргеніміз, мойны сынған, жағы сынған, басы ауып кете берді. Аузы ашылып кете берді. Қабырғаларының бәрі сынған. Денелерінің бәріне издевательсвамен кәдімгідей пышақ тығылып әр жеріне пышақ тығылған. Саны былай кесілген. Мына жақ былай кесілген. Одан кейін көгерген. Денесінде сау тамтық жоқ және саусақтары мынандай жерлерін пышақпен азаптай берген. Біз тірідей азапталған деп ойлаймыз", - марқұмны қызы Севара Бакенова.

Күдік келтіретін тағы бір мәселе. Қылмыс болған шаруа қожалығы жергілікті учаскелік полиция инкпекторына тиесілі екен. Оны сол жердегі қойшылар да  растап отыр. Адам өлімі тіркелісімен, фазенда иесі бар мал-мүлкін жинап, басқа жерге қоныс аударып кеткен. Ал, қанды қылмас болған күні күдіктіні соңғы рет жұмысшылардың бірі көріп, құқық қорғау органдарын хабарлаған.    

"Оның хозяины ана кім Мәди деген, Мәди деген участковый болды. Сол болды. Ол жерде бір аптадай болды да содан кейін кетіп қалды. Сағат алты жарымда өзбектің өзі келді да жылқы қарай тұршы деді да кетіп қалды. Содан мен малымды шығардым да кетіп қалдым. Түске таман оны сиыршы бала көрген ғой оны. Сол бала көріп қойған ғой оны. Сөйтіп учасковыйды шақырған", - жұмысшы Ахмет.

Еске сала кетейін, қанды оқиға биыл мамыр айында Тараздан 30 шақырым жердегі Тұрар Рысқұлов ауданына қарасты Мамай ауылында болған еді. Тергеу мәлілемітнше, таудың етегінде орналасқан шаруа қожалығында жалдамалы жұмысшылар ішімдік ішіп, көңіл көтерген. Соңы дауға ұласып, ер адам бөтелкелес екі әйелді бауыздап кеткен. Полицейлер қазіргі таңда күдіктіні іздестіріп жатыр. Оны табу үшін облыс аумағында арнайы топ құрылған.

Талқылау