AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Денесінде тілінген, көгерген іздер бар": Шымкентте асулы күйінде табылған ер адамның туыстары оның өзіне қол салғанына сенбейді

Шымкентте асулы күйінде табылған такси жүргізушісінің туыстары оның өзіне қол салғанына сенбейді. Жақындары марқұмның денесінде көгерген және тілінген іздер болғанын айтады. Сөздерінше, жігітті алдымен өлтіріп, кейін асып кетуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Отырар басылымына сілтеме жасап. 

жақындары

24 жастағы Нұрдәулет Аладаназаров Шымкенттегі иесіз ғимараттардың бірінде асулы күйінде табылған. Жігіт такси жүргізушісі болып жұмыс істеген. Қайғылы оқиғадан бір күн бұрын қоңырауға жауап бермеген жігіт белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. 

"Жоғалып кеткен соң 102 нөміріне қоңырау шалдық. Бізге Қаратау полиция бөлімінен адамдар келді. Арыз жаздық, Нұрдәулеттің телефоны өшіп тұрғанын айтты. Полицейлер ұлымызды қалада жұмыс істеп жүргенін айтып, сабырға шақырды", – дейді марқұмның әкесі Нұрғали Аладаназаров. 

Бірнеше күннен соң Нұрдәулеттің өлі табылғаны туралы хабар келген. 

"Ұлымызды Ленгер полициясынан іздедік, Бейне бақылау камерасынан таба алмадық. Ал таңғы 5 шамасында полициядан қоңырау шалып, Нұрдәулетіміздің табылғанын айтты. Тірі не өлісін сұрап едік, асылып қалған деді. Біз оқиға орнына келгенде оны жіптен түсірген", – деп қосты ол. 

Марқұмның анасы жігіттің өзіне қол салғанына сенбейді. Ал көшедегі бейне бақылау камерасына Нұрдәулеттің бес жігіттің жанында кетіп бара жатқаны түсіп қалған. Жақындары жігіттердің арасында жанжал болып, кейін ұлдарын өлтіріп тастауы мүмкін дейді. 

"Оны жауыздықпен өлтірген! Денесінің барлық жері көгерген, қан ұйып қалған. Өзіне қол салса, мұндай болмас еді. Әсіресе аяғы мен қолында тілінген іздер бар. Алдымен өлтіріп, сосын асып қойғанына сенімдімін", – дейді жігіттің анасы Бейсенгүл Қалжігітова. 

Құқық қорғау органдары "Өз-өзіне қол салуға дейін жеткізу" бабымен іс қозғаған. 

"21 шілдеде Шымкент полициясы Еңбекшіқазақ бөліміне ер адамның асылып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Сот-медициналық сараптама жүргізілді. Тергеу жалғасып жатыр", - деп мәлімдеді Шымкент полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

Нұрдәулет отбасымен бірге 4 ай бұрын Өзбекстаннан Шымкентке көшіп келген. 

"Эксгумация жүргізу керек болса, рұқсат беремін. Менің ұлым өлді! Қылмыскерлерді аямаймын. Олар жазасыз қалса, ертең тағы кісі өлтіреді", – дейді марұмның анасы. 

Жақындары ешкіммен жанжалға түспеген ұлдарының өзіне қол салғанына сенбейді. Құқық қорғау органдарынан тергеудің толық жүргенін сұрайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр