"Денесінде сау жері жоқ":  32 жастағы көкшетаулық ер адамды кафеде ұрып өлтірген

 32 жастағы көкшетаулық ер адамды кафеде ұрып өлтірген. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

 Көкшетауда кафенің иесі келушіні өлтірді деген күдік бар. Алдын ала болжам бойынша, марқұм кафеде қатты соққыға жығылып, ес-түссіз күйінде анасына тапсырылған. Тек үйге жеткізілгеннен кейін ғана оның өлі екені анықталан.

Марқұмның туыстары полицияны әрекетсіздік танытты деп айыптады, өйткені полиция қызметкерлері күдіктіні үш күн бойы ұстай алмай келеді.

Туыстары 32 жастағы Әділ Теміртасовты жер қойнауына тапсырған.

Айтуларынша, үш күн бұрын ол жергілікті кафелердің біріне барған. 

Альфинура Теміртасова,  марқұмның әйелі: «Арена» кафесі Назарбаев даңғылында орналасқан. Ол сол жерге түскі асқа барам, тез арада кездесу керек деді. Ол: «Кешкі 5-те мен үйге келемін, баланы бірге серуендеуге апарамыз», - дейді.

Алайда, кешкі алтыда туыстарына кафеден ер адамның мас екендігін айтып, оны алып кетуді сұраған. Баласын алып кетуге анасы келген.

Үйге келе жатып, әйел ұлы ешқандай белгі бермейтінін байқаған.

"Мен жедел жәрдем шақырдым. Келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтты. Сараптама ұлымның қатты соққы алғаннан қайтыс болғанын растады.  Бауырын жарып жіберген, Үстінде сау жері жоқ, көрсеңіздер ғой!,-дейді ол.

Марқұм мен кафе иесінің арасында жанжал туындағаны белгілі болды. Мекеме қожайыны қонақты бөлек бөлмеге апарып, қатты ұрып-соққан. 

Гүлнар Пинчук, Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы:

- Жедел-іздестіру шаралары барысында облыс орталығындағы дәмханалардың бірінің иесі осындай дене жарақаттарын келтіргені анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы «Адам өліміне әкеп соқтыратын ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті әлі де іздетірілуде.

 Марқұмның туыстары кафе иесін іздестіру дұрыс жүргізілмей жатқандығын айтып шарқ ұрады. 

Айжан Нұрқайдарова, марқұмның туысы:

Шағын қалада адам табу қиын емес.  Үш күн өтті! Қолдан келетіні осы ғана ма? Оның қасында кім болды, барлық камераларды қарау керек. Біз қазір ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз, ұялы телефон бар, нөмір арқылы табуға да болады. Қажет кезде, олар табады!

Марқұмның артында үш жасар баласы мен әйелі қалды. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтарға әмбебап әлеуметтік ID-карталар беріледі

Бірыңғай карта әлеуметтік және көлік карталарын алмастырады, сондай-ақ тауарларды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік береді

Головкиннің ең үздік бес жетістігі айтылды

Головкин - IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы

ІІМ қызметкері коронавирус жұқтырған: Оның жүзден астам адаммен байланыста болғаны анықталды

Науқас қазір станционарда ем қабылдап жатыр

Ақмола облысында 99 жастағы кейуана коронавирус жұқтырды

Облыста жаңадан 13 науқас тіркелген

"Қайыршы, кедей мемлекеттің кедей мұғалімімін": Алматы облысының мұғалімі жанайқайын жеткізді

Мұғалім: "Республика бойынша қанша мұғалім осылай жүр екен?!"

Үндістанда автоөндіруші коронавирус формасындағы машинаны жасады

Ол машинаға Corona Car деген атау берген

Маңғыстау облысында 11 жастағы қыз бала анасынан коронавирус жұқтырды

Балаға жасалған сынамалардың нәтижесі бүгін белгілі болыпты

Атырауда соңғы тіркелген науқастар ауруды қайдан жұқтырғаны айтылды

Атырау облысында коронавирус жұқтырған 39 адам тіркелген

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап өсуде

Қазір облыста ауру жұқтырған 92 науқас тіркеліпті

Министрлер депутаттармен видеобайланысқа шықты: Сенаттың жұмыс тәртібі өзгертілді

Отырыста сегіз заң жобасы талқыланбақ
Çàãðóçêà...