Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денесі пышақталған: СҚО-да анасы мен қызы өз үйінен өлі күйінде табылды

Солтүстік Қазақстан облысында әйел мен оның үш жасар қызы өлі күйінде табылды.

Денесі пышақталған: СҚО-да анасы мен қызы өз үйінен өлі күйінде табылды

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 8 тамызда кешке Мамлютка ауданының орталығында болған.

«39 жастағы әйел мен оның үш жасар қызының мәйіттері үйдің ауласында пышақ жарақаттарымен табылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен бұрын сотталған Мамлютка ауданының 25 жастағы тұрғыны марқұмның танысын ұстады», - деп хабарлады полиция.

Кісі өлтіру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілеумен 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Талқылау