Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық ата-ана егіз ұлдарын өлтіріп, мәйітін бес күн бойы тоңазытқышта сақтаған: 10 жыл бұрынғы қанды қылмыс қалай орын алды

Фото: Stan.kz | Алла Волченко және Эмиль Гильмутдинов

Алматыда бір жастан енді асқан егіздердің жансыз денесі істен шыққан тоңазытқыштан табылып, бүкіл елді шошытқан қанды оқиғаға айналды. Тергеу дерегінше, 29 жастағы әке жұмыстан шаршап келіп, жылаған балаларының дауысын көтере алмай, екеуін де тұншықтырып өлтірген. Анасы сұмдыққа араша түспек түгілі, кейін мәйіттерді сөмкеге салып, пәтерден пәтерге көшіп жүріп, қылмысты жасыруға тырысқан. Осыдан 8,5 жыл бұрын болған қанды оқиғаны Stan.kz еске түсіріп көрді.

 

Қанды оқиғаның басталуы

 

Бір жастан енді асқан егіз ұлды айуандықпен өлтірген 29 жастағы Эмиль кінәсін толық мойындапты. Жұмыстан келгенде жылап мазасын алғаны үшін екеуін де буындырып өлтірген екен. Ал егіздердің анасы Алла Волченко бауыр еті балаларын өлтіріп жатқанда араша да түспеген. Тіпті азаматтық некедегі күйеуінің қылмысын жасыру үшін сәбилердің өлі денесін сөмкеге салып алып пәтерден пәтерге қашып жүріпті. Қылмыстың өзі Алматы қаласында, жалдамалы пәтерлердің бірінде болған. Жұмыс істемейтін тоңазытқыштан табылған екі бірдей сәбидің мәйіті қоғамды дүр селкіндірген. Кейін олардың асфиксиядан, яғни тұншықтыру арқылы өлтірілгені анықталған. Күдік негізінен балалардың әкесімін деп мәлімдеген Эмиль Гильмутдиновқа түскен.

Қылмыстың мән-жайы

Айыптау актісіне сәйкес, 2017 жылғы 7 қыркүйекте азаматтық некеде тұрған Эмиль Гильмутдинов пен Алла Волченко үш баласымен бірге танысы Виталий Ибраевтың үйінде тұрған. Сол күні олар сәбилерінен құтылуды алдын ала жоспарлаған.

Фото: Әлеуметтик желіден / Эмиль Гильмутдинов

Балалардың әкесі әйеліне балаларды асыраудан шаршағанын айтып, оларды өлтіруді ұсынған. Мас күйде болған Алла Волченко бұл ұсынысқа келіскен. Олар 9 қыркүйекте пәтер иесіне егіздерді Ташкентке, Эмильдің ата-анасына апаратынын айтып, үйден шығып кеткен. Кейін Алматы-1 вокзалы маңындағы Станционная көшесінен үш тәулікке үй жалдаған. Алла Волченко үлкен екі жасар ұлын алып серуендеуге шығып кеткен. Ал 10 қыркүйектің кешінде үйде жалғыз қалған Эмиль Гильмутдинов Салауат пен Ринатты тұншықтырып өлтірген. Ерлі-зайыпты кафеде кездесіп, Гильмутдинов “бәрі бітті” деп хабарлаған. Осыдан кейін олар ішімдік ішуді жалғастырып, түнде жалдамалы үйге қайта оралған. Олар сөмкені және үлкен баланы алып, Сауранбаев көшесіндегі басқа пәтерге көшкен. Таңертең пәтерге өлексенің иісі тарай бастаған. Олар сөмкені және үлкен баланы алып, Сауранбаев көшесіндегі басқа пәтерге көшкен. Ал 11 қыркүйекте ерлі-зайыпты тірі қалған баладан құтылуға шешім қабылдаған. Баланы “Самал” шағын ауданына апарып, Гильмутдинов оны ойын алаңында тастап кеткен. Жасаған әрекеттерін түсінген соң, екеуі өз-өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ бұл әрекеттері сәтсіз аяқталған. Эмиль Гильмутдинов пен Алла Волченко өз еріктерімен полицияға барған.

Қанды қылмыстың хронологиясы

Біраз уақыт бойы ішімдікке масайып алған әйелі мен күйеуі өздерінің қандай адам шошырлық іске барғанын түсінбей жүрген. Көші-қон ережесін бұзып, елде заңсыз жүрген Өзбекстан азаматы жалғыз істедім деп бар кінәні мойнына алған. Өзбек ұлтының өкілі уақытша қамау изоляторында тергеліп жатса да, егіздерді қай уақытта және қай жерде өлтіргендерін естеріне түсіре алмапты. Ол Түркісіб ауданындағы пәтерді сәбилердің денесін жасыру үшін жалдағанын да айтқан. Ал нәрестелердің анасы Алла Волченко да арақтан біраз уақытқа дейін арақтан есін жимаған көрінеді. Себебі екі бірдей сәбиі өліп, бір баласы жоғалған одан полицейлер ешқандай өкініш, қайғыру сезімін байқамадық дейді.

Қос бірдей сәбиін аяусыз өлтірген қанішерлер бұл қылмысқа кездейсоқ бармаған. Олар бәрін алдын ала ойластырып, тіпті қанды әрекеттерін жүзеге асыру үшін арнайы үй де жалдаған. Алғашында 1 жастағы ұлдарын "жылағаны үшін өлтірдік" деп ақталмақ болған Алла Волченко мен Эмиль Гильмутдиновтың сөзі шындықтың беткі қабаты ғана сияқты еді. Өйткені іс материалдарына қарағанда, мұның бәрі – суыққанды жоспарланған қылмыс. Қылмыскерлер өз әрекеттеріне "ақша тапшылығын" сылтау еткен. Азаматтық некеде тұрған екеуі де сол ауданның дәмханаларының бірінде даяшы болып жұмыс істеген.

2016 жылы дүниеге келген Салауат пен Ринаттың өмірі дәл сол жалдамалы пәтерде қиылды. Көршілердің айтуынша, олар бұл үйді әдейі небәрі бір күнге алған. Екеуі ешкімге байқатпай, ойлағандарын іске асыруды ойлаған. Қылмыс жасалған үй бірнеше күн бойы қаңырап бос тұрған. Кейін қанды оқиғадан соң мұнда тергеушілер ғана келген.

Тергеу барысында ата-ана мәйіттерді арқалап, пәтерден пәтерге көшіп жүргені де анықталған. Олар бірнеше жерде бой тасалаған. Тіпті көршілері олардың ешқандай күдік тудырмағанын айтқан. Сырт көзге қалыпты көрінген отбасының ішінде осындай қанды қылмыстың желісі құрылып жатқанын ешкім сезбеген.

"Қылмыскерлердің сөзіндегі қарама-қайшылық"

Алматыда егіз сәбилердің өліміне қатысты сот процесі кезінде қылмыстың қалай жасалғаны ғана емес, айыпталушылардың бір-біріне қарама-қайшы мәлімдемелері де қоғамды елең еткізген еді. Тергеу барысында да, сотта да олардың айтқандары жиі өзгеріп отырған.

Іс бойынша аға тергеуші Қажыбаевтың мәліметінше, Эмиль Гильмутдинов 7 қыркүйек күні-ақ азаматтық некедегі әйеліне "мұндай өмірден шаршадым, балалардан құтылғым келеді" деп айтқан. Оның сөзінше, балалардың үздіксіз жылауы, ұйқы бермеуі және тұрмыстық ауыртпалықтар оны осы ойға жеткізген. Тергеуші Волченко бұл ниеттен хабардар болғанын да алға тартқан. Себебі олардың бірнеше күн бойы сәбилердің мәйітін сөмкеге салып, өздерімен бірге алып жүргені осыны көрсетеді деген уәж айтылған.

Дегенмен сотта айыпталушылардың өздері осы жайтқа әртүрлі түсініктеме берген. Бірде олар бастапқы жауаптарын қайталаған, енді бірде одан бас тартқан. Соған қарамастан, тергеу мәліметінше, кемінде үш мәрте алынған жауаптарында олар алғашқы нұсқаларын ұстанған.

Сот барысында Гильмутдиновтың алдын ала тергеуде берген жауабы да оқылған. Онда ол әйеліне балаларды өлтіретінін ашық айтқанын мойындаған. "Ол қорқып, жылап, ең болмаса бір баланы тірі қалдыруымды сұрады" деген сөздері судья Ерлан Болатовтың қатысуымен жария етілген. Алайда сот отырысында Гильмутдинов бұл мәлімдемеден ішінара бас тартып, әйелінің ештеңе білмегенін айтып ақтауға тырысқан. Тергеу нұсқасы бойынша, қылмысқа дейін бірнеше күн бойы күдіктілер ішімдік ішкен. Сол кезде Гильмутдиновтың басына балалардан құтылу туралы ой келген.

Фото: Әлеуметтік желіден / Эмиль Гильмутдинов пена Алла Волченко

Негізі қаскөйдің о баста марқұм Салауат пен Ринатқа әкелік махаббаты болмаған. Өйткені сәбилердің көзін жоймас бұрын, оларды балалар үйіне тапсырмақ болыпты. Тек ешбірі қабылдамаған. Бар кінәсін мойындаған ол Алла Волченконы ақтап отыр. Яғни, әйелі қылмыстан бейхабар болған. Ал, бұған дейін ұлдарды екеуінің келісіммен өлтіргені айтылған еді.

Қанышер әке сотта балаларды өлтіру туралы шешім қабылдаған сәтте өзін толық бақылаудан айырғанын айтқан. Оның сөзінше, сол кезде миы "істемей қалғандай" күй кешкен, оған қоса әйелімен жанжалдасып, масаң күйде болған. Ол болған оқиғаның жартысын нақты есіне түсіре алмайтынын жеткізген. Ер адам сотта егіз балаларды қай ретпен тұншықтырғанын нақты есіне түсіре алмайтынын айтқан. Оның сөзінше, ол сәбилерді бір-бірінен ажырата алмаған. Эмиль Гильмутдинов өз сөзінде тұрмыстық қиындықтар мен моральдық дайындықтың болмағанын алға тартқан. Айыпкер жұмыстан қатты шаршап жүргенін, ал әйелінің жүкті екенін білгенде бір ғана бала болады деп ойлаған. Егіздердің дүниеге келуіне дайын болмағанын да ашық мәлімдеген. Ал азаматтық некедегі әйеліне оларды балалар үйіне тапсырдым деп өтірік айтқан. Ал балаларды тұншықтырған соң ол қатты күйзеліске түсіп, дірілдеп, істеген ісіне өкінгенін және не істерін білмей қалған.

"Ең болмаса, бір баланы тірі қалдыруды сұраған"

Туған ұлдарының өлімі үшін айыпталып жатқан Волченконың өзі де сүттен ақ, судан тазамын дейді. Яғни, Эмиль Гильмутдиновтың арам пиғылы туралы мүлдем білмепті. Сол күні егіздер қасақана өлтіріліп жатқанда, ол үлкен ұлымен қыдырып жүрген. Дәмхана жағалап, арақтан аузы босамапты. Оны өзі де айтқан. Сөйтіп, жалдамалы үйге түнде қайтқан әйел сәбилерін іздемепті де.

тірі қалған егіздердің ағасы

Фото: Әлеуметтик желіден / Тірі қалған Рамиль

Егіздердің анасы сотта болған жайтты өз нұсқасында баяндап, келесі күні балаларды сұрағанда, азаматтық некедегі күйеуі оларды балалар үйіне тапсырғанын айтқанын жеткізген.

Ол азаматтық некедегі күйеуін бұрын жақсы әке ретінде сипаттағанын жеткізеді. Яғни, оған балаларды еш күмәнсіз сеніп тапсыра алғанын, олардың қалай және немен тамақтанатынын жақсы білетінін айтқан. Ал ер адам балаларды өлтіргенін алғаш айтқанда, оған сенбегенін, бірақ кейін оның шын мәнінде тұншықтырып өлтіргенін мойындаған.

Оның сөзінше, жауапқа ашуланған Алла кейін Эмиль Гильмутдинов тарапынан қысым көрген. Ішімдік ішуге мәжбүрленіп, қысым көріпті. Кейін екеуі өз пәтерлеріне барғанымен, егіздер онда да болмаған. Осыдан кейін әйел мазасызданып, дауыс көтере бастаған сәтте, ер адам "тынышталмасаң, үлкен ұлды да өлтіремін" деп қоқан-лоқы көрсеткенін мәлімдеген.

Сот барысында ол бар кінәні азаматтық некедегі күйеуіне аударып, қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан. Марқұм сәбилерін еске алып, жылағаны да белгілі болды. Сонымен қатар Волченконың бұған дейін ұрлық фактісі бойынша жауапқа тартылғаны анықталған.

Сот отырысы барысында судья Ерлан Болатов Эмиль Гильмутдиновтың сотқа дейінгі тергеу кезінде берген жауаптарын оқыған. Онда айыпталушы әйеліне Салауат пен Ринатты өлтіретінін алдын ала айтқанын мойындаған. Оның айтуынша, бұл сөзді естіген әйел қатты үрейленіп, жылап, оны бұл ойынан бас тартуға шақырған. Тіпті, ең болмаса бір баланы тірі қалдыруды сұрағаны да көрсетілген.

Оның айтуынша, Салауат пен Ринаттың өлімі туралы төрт күн өткен соң ғана білген. Ал үлкен ұлдың қараусыз қалып, көшеде тастап кетілуіне де Гильмутдиновты кінәлаған. 

"Екеуі пәтерде түнде газ жіберіп, уланбақ болған

Айыпталушылардың адвокаты Амангелді Сәриевтің мәліметінше, Эмиль Гильмутдинов Ташкент қаласынан келген кезде-ақ балаларын өлтіру ниеті болған. Оның айтуынша, қылмысты жасағаннан кейін ғана ол азаматтық некедегі әйелі Алла Волченкоға сәбилердің тірі емес екенін хабарлаған.

Егіздерді өлтіргеннен кейін ерлі-зайыпты тірі қалған үлкен ұлды Ramstore маңында қалдырып кеткен. Мұны Гильмутдиновтың өзі "екеуі жоқ болған соң, біреуін қалдырдық" деп түсіндірген. Одан кейін олар өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Панфилов-Гоголь көшелері маңында жалдаған пәтерде түнде газ жіберіп, уланбақ болғанымен, іске аспаған. Таңертең олар Түркісіб аудандық ішкі істер басқармасына барып, өз еріктерімен берілген.

Адвокат айтуынша, жүргізілген психиатриялық сараптама екі айыпталушының да есі дұрыс екенін, сот алдында жауап беруге қабілетті екенін көрсеткен. Алла Волченко мен Эмиль Гильмутдинов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "кісі өлтіру" және "қауіпті жағдайда қалдыру" баптары бойынша сотқа берілген.

Алайда мемлекеттік айыптаушы Расул Есдәулетов бұл нұсқамен келіспеген. Прокуратура мәліметінше, қылмыс алдын ала жоспарланған. Гильмутдинов балаларды өлтіру туралы ұсыныс жасаған, ал Волченко оған келіскен. Осы мақсатта олар арнайы басқа пәтер жалдап, сол жерде қылмысты жүзеге асырған. Тергеу деректеріне сәйкес, Волченко үлкен ұлмен сыртта жүрген кезде, Гильмутдинов алдымен Салауатты, кейін Ринатты тұншықтырып өлтірген. Одан кейін мәйіттерді сөмкеге салып, олармен бірге пәтерден пәтерге көшіп жүрген. Қылмыс қыркүйектің жетісінде болғанымен, тоңазтқыштағы мәйіттер 5 күннен кейін табылған еді. Жағымсыз иісті бірінші көрші-көлем сезіпті.

"Алла Волченко ата-ана құқығынан айырмауды сұрайды"

Сот отырысында Алла Волченко өзін ата-ана құқығынан айырмауды сұрап, екі жасар ұлы Равильге қатысты психологиялық сараптама тағайындауды талап етті. Оның айтуынша, сараптама баланың анасына деген қарым-қатынасын анықтауға тиіс.

Айыпталушы өз сөзінде балаларын жақсы көргенін айтып, олардан бас тартпағанын алға тартты. Алайда іс материалдары бойынша, кішкентай Равиль ата-анасының қарауынсыз көшеде қалған.

Волченконың адвокаты соттан оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады. Ал айыпталушы тергеу барысында қысым болғанын мәлімдеп, істің асығыс әрі толық жүргізілмегенін айтты. Сондай-ақ ол өзіне тағылған Қылмыстық кодекстің 99-бап (Адам өлтіру) бойынша айыппен келіспейтінін білдіріп, істі Қылмыстық кодекстің 434-бап (Қылмыс туралы хабарламау) бабына қайта саралауды сұрады.

Айыпталушының сөзінше, ол балаларын өлтіруге қатыспаған және өзіне тағылған ауыр айып негізсіз.

Фото: Әлеуметтік желіден / Тірі қалған Рамиль және анасы Алла Волченко

Қылмыс жасағаннан кейін бір ұлы тірі қалады...

Балалардың мүрдесін тоңазытқышқа тығып тастап, арақ ішуден қолдары босамаған екеуі үш жастағы үлкендерін жоғалтып алады. Қала тұрғындары жылап жүрген баланы дер кезінде таппағанда, маскүнем ата-ананың тамақ сұрап шырылдаған сәбиге не істейтінін ойлаудың өзі қорқынышты.

Тірі қалған екі жасар Рамиль есімді бүлдіршін ата-анасының жасаған сұмдығынан бейхабар күйде өмір үшін күресін жалғастырып жатты. Сол кезде ол Жұқпалы аурулар ауруханасы дәрігерлерінің бақылауында болды. Ақ халаттылар баланың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалағанымен, оның психологиялық күйі алаңдатарлық еді. Бұрын ойыншыққа алданатын бүлдіршін тұйықталып, көңілсіз күйге түскен. Көшеден табылып, бірден ауруханаға жеткізілген бала үшін бұл орын уақытша пана ғана болған.
Дәрігерлер оны ұзақ уақыт ұстай алмайтынын айтқан соң, Рамиль кейін балалар үйіне ауыстырылған. Сол уақытта ол мемлекет қамқорлығына алынған еді. Мамандардың айтуынша, баламен күн сайын психологтар жұмыс істеп жатқан. Дегенмен, оның әлі тілі шықпағаны және бастан өткерген күйзелістің салдары ұзақ уақыт сақталуы мүмкін екені айтылған.

Ең сорақысы, сол кезде балаға ең жақын адамдардың бірі де жанашырлық танытпаған. Тергеу мәліметінше, анасы Алла Волченко қамауда отырған уақытында ұлының жағдайын бір рет те сұрамаған. Ал әкесі болуы мүмкін Эмиль Гильмутдинов та оның тағдырына қатысты нақты қамқорлық көрсетпеген.

Бір сәтте ата-анасыз қалған Рамиль сол кезде заңды түрде "ата-анасының қарауынсыз қалған бала" мәртебесін алуға тиіс еді. Осыдан кейін ғана оны басқа отбасы асырап алу мүмкіндігі қарастырылатыны айтылған. Баланың атасы Өзбекстаннан келгенімен, туыстық байланысын құжат жүзінде дәлелдей алмаған. Сол себепті немересін алып кете алмай, құжат мәселесі шешілгенше күтуге мәжбүр болған. Алайда кейін барлық қажет құжаттарды рәсімдеген соң, атасы Рамильді өз қамқорлығына алып кеткен. 
Ал қылмыстың өзі одан сайын жан түршіктірген. Егіз сәбилердің мәйіті туыстарына берілмей, аты-жөні белгісіз адамдармен бірге жерленгені туралы дерек те сол кезде қоғамда үлкен резонанс тудырған.

Іс барысында бірқатар даулы мәселелер көтерілгені айтылды. Атап айтқанда, негізгі дәлел ретінде бастапқы жауаптар ғана алынғаны, олардың мас күйде берілгені, жауап алу сәтінің бейнетүсірілімі болмағаны, куәгерлердің жоқтығы және қылмыстың "алдын ала келісіммен" жасалғаны нақты дәлелденбегені назарға ілінген. Сол кезеңде Алматы қалалық полициясының тергеу басқармасын Рустам Абдрахманов басқарған. Аталған іс дәл осы құрылымның өндірісінде болғаны көрсетілген. Ал тергеушілердің қатарында Қажыбаев пен Исабаев болған.

Фото: Рустам Абдрахмановтың жеке парақшасынан

Айта кетейік, Алматыда екі бірдей сәбидің өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа 2017 жылдың 13 қарашасында түскен. Айыпталушылар орындығында 1983 жылы туған Қазақстан азаматы Алла Волченко мен 1988 жылы туған Өзбекстан азаматы Эмиль Гильмутдинов отырған. Олар Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1,3,7-тармақтары (Адам өлтіру) және 119-бабы 1-бөлігі (Қауіпті жағдайда қалдыру) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен сотқа берілген. Сот шешімимен әкесіне – 20 жыл, анасына – 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 08 Сәуір, 2026 16:42