AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денелері көлік салонынан ұшып кеткен: Шымкентте жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапқан, жетеуі ауыр жағдайда

Шымкентте үш адам жантүршігерлік жол апатынан оқиға орнында қаза болды.Тағы жетеуі ауыр жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Шымкент полициясы жол апатының мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Жол апатына бірден үш көлік – Hyundai Starex, Toyota және Daewoo Gentrа түсті.

Соққының қатты болғаны сонша, бірнеше адам көлік салондарынан жолға ұшып кетті. Олар қауіпсіздік белдігін тағуды ұмытып кеткен болуы мүмкін.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем үш адамның өлімін тіркеді. Зардап шеккен адамдар ауруханаға жатқызылды.

Олардың бәрі ауыр жарақат алған: аяқ-қолы сынған, миы шайқалған және тағы басқа.

Жол апатынан кейін автокөліктердің бірінен өрт шыққан. Апат орнына шұғыл жеткен өрт сөндірушілер оны сөндірді.

Қазіргі таңда полицейлер жол апатын тергеп жатыр. Кінәлі адам анықталып, сотқа тапсырылады. Ол он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр