Дене массажына келген Астана тұрғындары 5 тәулікке қамауға алынды

Дене уқалау қызметін ұсынатын "спа-салонның" қонақтары сот шешімімен бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері төтенше жағдайды бұзушыларға рейд жүргізіп, Оңтүстік-Шығыс ықшамауданында интимді қызмет және дене массажын жасайтын "спа-салон" тапты. Бейтаныс адамдар үшін жабық коттеджде 11 адам болды: сегіз қыз, мекеме әкімшісі және екі клиент.

"Барлық адамдар жазаланды. Сот шешімімен спа-салонның әкімшісі жеті күнге, екі клиент бес тәулікке қамауға алынды. Массаж қызметі үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Полицияның айтуынша, массаж салоны әлеуметтік желілерде жарнамаларды белсенді түрде орналастырған.

Полиция департаменті ескертеді: елордадағы карантин режимі кезінде азаматтар үйден азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуға және медициналық қызметтерді алу үшін үйден шығуына рұқсат етілген. Сонымен қатар, белгілі адамдар тобына жұмысқа бару үшін шектеулер қойылмаған. Кәмелетке толмаған балалар қалада ересек адамдармен бірге жүруі керек, көшеде үш адамнан астам топтардың жиналуына тыйым салынады.
 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр