"Дене бітімімді дұрыстап, төсімді жасатамын": Әсел Асқар өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шықпақ
Фото: https://www.instagram.com/assel.askar/
Танымал актриса, блогер Әсел Асқар өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актриса әрі блогер шетелдік азаматтың етегінен ұстайтынын ашып айтты.
"Қазақтың жігіті бұйырмады. Екі рет талпынын көрдім, өздеріңіз куәсіздер. Келіспейді екен. Енді тез арада дене бітімімді қалыпқа келтіріп, төсімді жасатуым керек. Жасару қажет. Алайда шетелдік жігіттер жасқа қарамайды. Қанша балаң барына да мән бермейді. Мадридке кеткім келеді. Не істей аласыңдар маған?! "Ойбай, кете бер, кімге керексің" деп жазбаңдаршы, өтінемін. Әлем аруы болған испандық қыз келсе, өздерің де жүгіресіңдер", – деді актриса.
-
"10 грамм гауһартасы бар": Әсел Асқар продюсер Гүлзира Айдарбекова берген сыйлығын көрсетті
-
"Ер актерлер әйелдерге қарағанда 4 есе көп алады": Отандық кино жұлдыздарының гонорары қанша
Желі жұлдызының мұндай шешім қабылдауына 30 қыркүйекте өтетін Қайрат – Реал Мадрид матчы себеп болған. Өйткені ол кезде шетелдік азаматтар өте көп келеді екен.
“Мен футбол көрмеймін. Бірақ біздің команда әлемдік футбол клубымен ойнайды. Қаншама жанкүйер жігіттер Алматыға келеді. Біздің туризм дамиды”, – деп ойын бөлісті блогер.
Айта кетейік, "Реал Мадрид" "Қайратқа" қарсы Алматыдағы ойынға негізгі құраммен шығатынын жаздық.
Испаниялық спорт сарапшысы, Marca журналының тілшісі Давид Руистың пікірінше, корольдік клуб үшін Алматыдан үш ұпай алу өте маңызды.
"Бұл бар болғаны екінші тур ғана, сондықтан негізгі ойыншыларды Мадридте қалдыру қауіпті шешім болар еді. Тек жарақаттар болмаса, "Реал" ең мықты құраммен ойнайды. Әйтпесе, 8 мың шақырымға сапар шегудің мәні болмайды", – делінген сарапшылардың пікірінде.
@danchoo_xd #реал #кз #монетизация #кайрат ♬ оригинальный звук - Shu

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
