Демеу Жадыраев әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды
Фото: instagram.com/qaz_team_official
Хорватия астанасы Загребте өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында Демеу Жадыраев 1/8 финалда сербиялық Алекса Иличті тізе бүктірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кездесу барысында Жадыраев қарсыласынан қалып келе жатқанымен, шешуші сәтте тәжірибесін көрсетіп, Иличтің қателігін ұтымды пайдаланды. Осы әрекеттен кейін төрт ұпай еншілеп, жекпе-жекті 8:6 есебімен аяқтады. Осылайша олимпиада ойындарының күміс жүлдегері ширек финалға жолдама алды.
Өкінішке қарай, жарыстың осы кезеңінде өзге қазақстандық балуандар жеңіліске ұшырады. 55 келіде Марлан Мұқашев Румыния өкілі Артём Делянудан ұтылды. 82 келі салмақта Альмир Төлебаев Молдова спортшысы Михаил Брадудан айласын асыра алмады. Аса ауыр салмақтағы Әлімхан Сыздықов украиналық Николай Кучмииге жол берді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

