Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Демалыс күндері сауда орталықтары жұмыс істемейді: Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің шектеу және карантин шаралары туралы қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжат 18 қаңтар дүйсенбіден бастап күшіне енеді.

Жаңа қаулыға сәйкес, елордадағы сауда орталықтарыдемалыс күндері жұмыс істемейді.

"Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысын күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты өткеннен кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салумен жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып және демалыс күндері (оларда орналасқан дәріханалар және тамақ өнімдері мен бірінші қажеттіліктегі заттарды сататыншағын маркеттерді, супермаркеттерді және гипермаркеттерді қоспағанда) жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру. Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады. Фудкорттардың жұмысы тек өздігінен алып кетуді қоспағанда, курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі", - делінген қаулыда.

Сонымен қатар мейрамханалар мен кафелер жұмыс күндері және демалыс күндері 20.00-ге дейін ашық болады. Бұған дейін қоғамдық тамақтану орындары 22.00-ге дейін жұмыс істейтін.

Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық, еске алу (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатаң тыйым салынады.

Қаулыға сәйкес, демалыс күндері бірқатар нысандардың жқмысына тыйым салынған.

  • азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ашық ауада) жұмысын, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып,  жұмыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;
  • фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің жұмыстарын бассейндер мен сауналарды және басқа да қызмет түрлерінің (СПА, массаж, пилинг және т. б.) іске қосылуымен (бір келушіге 4 м2 есебімен, бір келушіге 5м2су айнасын және 50%-дан көп емес жалпы толтырылуын қамтамасыз ету кезінде) қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен, жұмыс күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып және демалыс күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;
  • саунаның  жұмысын бассейндер мен басқа да қызмет түрлерінің (СПА, массаж, пилинг және т. б.) іске қосылуыменбір келушіге 4м2 есебімен,бір адамға 5м2су айнасын есептей отырып бір мезгілде келушілердің жобалық сыйымдылығынан 30%-дан аспайтын қатысуымен) күшейтілгенсанитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, жұмыс кестесін жұмыс және сенбі күндері сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін және жексенбі күндері жұмыстарына тыйым салумен ұйымдастыру;

Құжаттың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Талқылау