Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстанда алдағы үш күнде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, 3-5 шілде аралығында сынап бағанасы 45 градусқа дейін көтеріледі. 

"Солтүстікте, солтүстік-батыс пен орталықта түнде +15+23℃, күндіз плюс +35+40℃. Шығыста түнде 12+20℃-тан +17+25°С-қа дейін жетеді. Күндіз +27+35℃, кей жерлерде 30+38°С ыстық болады", – деп хабарлады синоптиктер.

Құтқарушылар Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, сондай-ақ Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының басым бөлігі мен Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының кейбір аудандарында өрт қаупі жоғары екенін ескертеді.

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен, қысқа мерзімді жаңбыр жауады.

 

Талқылау