ДДСҰ: Еуропа коронавирустың екінші толқынына дайындалуы керек

Еуропа елдері күзде немесе қыста коронавирус инфекцияның екінші толқынына дайын болуы керек, деп мәлімдеді ДДСҰ Еуропа бойынша аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Telegraph-қа сілтеме жасап.

коронавирус тест

Ол COVID-19-дың екінші толқыны қазіргіден гөрі өлімге көбірек әкелуі мүмкін деген пікір білдірді және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңа ауруға дайындауға, сондай-ақ вирус жұқтырған адамдардың байланысын бақылау мүмкіндігін арттыруға шақырды.

ДДСҰ аймақтық кеңсесінің директоры сонымен бірге Еуропадағы эпидемия орталығы шығыс елдеріне: Ресей, Украина, Беларусь және Қазақстанға көшкенін ескертті. Ол кейбір елдердің: "Біз Италия сияқты емеспіз", - деп жүргендерін. "Ал екі аптадан кейін - дүрбелең басталып кетеді! Біз өте сақ болуымыз керек", - деп аяқтады шенеунік.

Клюге билікке сенімсіздік және түрлі қастандық теориялары коронавируспен күресуге айтарлықтай зиян келтіретінін айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр