ДДҰ COVID-19 вакцинасына төзімді штамдардың пайда болатынын ескертті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолданыстағы вакциналарға төзімді коронавирустық штамдардың пайда болу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
ДДҰ-ның коронавирустық пандемиямен күрес жөніндегі арнайы өкілі доктор Дэвид Набарроның айтуынша, қазіргі уақытта вакциналарға төзімді аурудың штамдары жоқ.
"Алайда олар ерте ме, кеш пе пайда болады", – деді Набарро.
Айта кетейік, Израильде COVID эпидемиясы толығымен жойылды. Он миллион адам тұратын елде халықтың жартысынан көбі вакцина салдырды. Сарапшылардың пікірінше, балалар мен жасөспірімдер вакцина салдырмаса да, Израильде ұжымдық иммунитет қалыптасты деп айтуға болады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”