ДДҰ басшысы: Пандемия миллиондаған адамның психикасына әсері жайлы мәлімдеме жасады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адхан Гебрейсус коронавирустық пандемия миллиондаған адамдардың психикалық денсаулығына әсер етті деп мәлімдеді. Оның мәлімдемесі Женевада өткен брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Гебрейсустың айтуынша, психикаға "терең әсер ету " инфекцияның таралуын болдырмау үшін бірқатар елдер енгізген шектеу шараларын тудырады.
"COVID-19 миллиондаған адамның психикалық денсаулығына әсер етті, өйткені ол алаңдаушылық пен қорқынышқа, сондай ақ психикалық денсаулықты қолдау қызметтерінің бұзылуына қатысты", - деді ДДҰ директоры.
Одан бөлек, ол бұған дейін психикалық денсаулық жаһандық тұрғыда денсаулық сақтау саласында ұмытылған нәрсе болғанын айтты.
Айтуынша, әлемде бір миллиардқа жуық адам психикалық ауытқумен өмір сүреді. Жыл сайын зиянды алкогольді тұтынудан үш миллион адам қайтыс болады, сонымен қатар әр 40 секунд сайын әлемдегі бір адам суицид жасайды.
Гебреисус сапалы медициналық психологиялық көмекке әрбір адам қол жеткізе бермейтінін айтты.
ДДҰ коронавирустың ықтимал ошағы ретінде мектептерді атады
Айта кетейік, бұған дейін ДДҰ басышысы коронавирус пандемиясы екі жылға созылады деп мәлімдеген. Ол оны 1918 жылғы испандық вируспен салыстырып, оның да екі жылға созылғанын айтып өткен болатын.
"Әрине, қазір технологиялар көп, вирус тез таралуы мүмкін", - деді ол.
Әлемде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 24,2 миллионнан асты. Пандемия жалпы 188 елді қамтыды. Осы аралықта 828 мың науқас қайтыс болды, тағы 15,8 миллион адам емделіп шықты.