ДДСҰ өкілі Қазақстанның билігі мен денсаулық сақтау министрлігін мақтады
ДДСҰ Еуропалық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры, ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Доктор Каролин Кларинвал Қазақстанның үкіметі мен денсаулық сақтау министрлігін коронавирустық инфекциямен күресте үзік деп тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол қазіргі әлемдегі коронавирустық инфекцияның жағдайы туралы айтты.
"Ауру саны көбейген кезде ДДСҰ бірнеше нұсқаулық жариялады. Біз бұл тақырыпты үнемі талқылап, барлық елдер үшін тімді нұсқау жасағымыз келеді. Бірақ, барлығымыз байқағандай барлық шешімдер мемлекет пен денсаулық сақтау министрлігінің жағдайына сай болуы керек. Өйткені әр мемлекеттің жүйесі әртүрлі", -деп түсіндірді ол.
Ол Қазақстан вирусқа қарсы күрес жүргізуде үзідік екенін айтып, адамдарға өздеріңізді сақтап, вирусты таратпаңыздар деп өтініш жасаған.
"Мен Қазақстанның үкіметі мен денсаулық сақтау министрілігін мақтағым келеді. Бастапқыдан-ақ министрліктеріңіз басқа мемлекеттердің немен айналысып жатқанын түсінгісі келді. Басқалардың тәжірибесін Қазақстанға қалай қолдануға болады деп қызығушылық танытып, әрекет етіп жатыр. Бір нәрсені түсіну керек. Әр бір адам вирусты таратпау үшін қызмет етуі керек. Ол үшін тазалық сақтап, қолды жуып, дистанция сақату керек. Бұл жұқтырудың алдын алады", - дейді ДДСҰ Еуропалық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аймақтық директоры, ДДСҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Доктор Каролин Кларинвал.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
