ДДСҰ Қазақстанды коронавирус жедел таралып жатқан елдер санатына енгізді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды коронавирус жедел таралып жатқан елдер санатына енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін ДДСҰ-ның еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге Еуропа елдері шектеу шараларын алып тастағаннан кейін коронавирусты жұқтыру жағдайларының көбейгенін, бұл бірқатар елдердің денсаулық сақтау жүйесіне қауіп төндіруі мүмкін екенін мәлімдеді.
"Соңғы екі аптада 30 елде (Еуропа) жұқтыру жағдайларының жалпы өсуі байқалды. Оның 11-інде жұқтырудың жедел қарқыны аурудың күрт өсуіне алып келді, бұл бақылау болмаған жағдайда Еуропадағы денсаулық сақтау жүйесінің жағдайын тағы қиындатады", - деді Клюге.
Дегенмен, ол мәлімдемесінің нақты қай елдерге қатысты екенін ашып айтпады.
Кейінірек ДДСҰ COVID-19 жедел таралатын мемлекеттерге Армения, Швеция, Молдавия, Солтүстік Македония, Әзірбайжан, Қазақстан, Албания, Босния және Герцеговина, Қырғызстан, Украина және Косово жататынын хабарлады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
