Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ Қазақстандағы коронавирус пен пневмонияның статистикасын біріктірді: Елімізде науқастардың саны 105 526-ға жетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстандағы коронавирус пен пневмонияға шалдыққандардың статистикасын біріктірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан

Қазақстандағы науқастардың саны ұйымның ресми сайтында жарияланды. 

ДДСҰ мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 105 526-ға, індеттен көз жұмғандардың саны 1 109-ге жетті. 

Бір аптада 16 448 науқас пен 316 өлім дерегі тіркелген. 

ДДСҰ Қазақстандағы эпидемиялогиялық жағдайды 100 мың адамға шаққанда 568,8 ауру жұқтыру, 1 миллион адамға шаққанда 59,8 өлім дерегі тіркелді деп бағалап отыр. 

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігі соңғы жарияланған деректер ДДСҰ картасына енгізілмеген. 

Еске салайық, бұған дейін министрлік 1 тамыздан бастап коронавирус пен пневмония статистикасын қосамыз деп уәде берген еді. Алайда осы уақытқа дейін ақпарат екі бөлек жарияланып келеді. 

Қазіргі таңда елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 97829-ға, пневмонияға шалдыққандарың саны 12110-ға жетіп отыр. 

Талқылау