Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар санының өсуін түсіндірді

ДДСҰ Еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюге Қазақстанда коронавирус жұқтырудың өсуін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронаиврус

Орыс тілінде сөйлеген Ханс Клюге жаңа жұқтырулар санының өсуі инфекцияны зертханалық анықтау тактикасының өзгеруімен де түсіндірілетінін айтты.

"Жекелеген елдер, мысалы Әзірбайжан мен Қазақстан соңғы бірнеше апта ішінде өзінің тест стратегиясын қайта қарап, енді өзінің эпидқадағалау жүйесінің нәтижесінде көптеген жағдайларды анықтап жатыр", - деді Ханс Клюге.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Ханс Клюге індеттің екінші толқыны сөзсіз болады деген нақты теория жоқ екенін атап өтті. Ең бастысы, карантинді кезең-кезеңмен алып тастау, сақтықпен әрекет ету.

"Енгізілген шектеулерді әлсіретіп жатқан көптеген елдер инфекцияның жаңа өршуіне тап болғанын байқап отырмыз. Егер бұл үрдіске жауап бермесе, екінші толқын болуы мүмкін, ол өте күшті болады", - деп атап өтті ДДСҰ өкілі.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда дәрігерлердің шамасы жыл басындағы жағдаймен бірдей: оларда вакцина да, коронавирусқа ем де жоқ. Дегенмен, Клюге дәрігерлердің тәжірибе жинағанын атап өтті: вирус туралы көбірек ақпарат болды, сондай-ақ қолданылатын емдеу әдістері мен олардың тиімділігі талданды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр