ДДСҰ COVID-19 пандемиясы әлі аяқталмайтынын айтты
Әлемде COVID-19 инфекциясынан көз жұмғандар саны соңғы екі айда алғаш рет өсіп келеді, бұл пандемия әлі әлі аяқталмағанын еске салады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адан Гебрейюс айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews сайтына сілтеме жасап.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының айтуынша, пандемия әлі ұзақ сақталады, өйткені онымен күресу шаралары әлі күнге толық жүзеге аспай келеді. Ал бұл қажеттіліктер үшін ұйымға 23 миллиард доллардан астам қаражат қажет.
"Біз жаһандық мақсаттарға қол жеткізу және алдағы 12 ай ішінде әлем елдерін қажетті қаражатпен қамтамасыз ету үшін 23,4 миллиард долларды қажет ететін COVID-19 жоспарының жаңа бюджетін жариялап жатырмыз. Бұл бастаманы толығымен қаржыландыру ДДҰ стратегиясының, дайындық жоспарының және әрекет етудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, бұл біз құрастырған пандемияны бақылауға алудың кешенді жоспары ", - деді Гебрейюс.
Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Лейен өз кезегінде Еуропалық Одақ вакцинацияның маңыздылығына мән беріп, өндіріс көлемін ұлғайтып отырғанын, сонымен бірге дамушы елдермен вакциналар алмасуды ұмытпағанын айтты.
"Алдағы бір жылға қарап, біз Еуропалық Одақта 3,5 миллиард дозадан астам вакцина өндіріледі деп күтеміз және олардың көпшілігі, әрине, шетелге жіберіледі. Экспорттан басқа, біз, Еуропа қауымдастығы, Еуропалық Комиссия және мүше мемлекеттер келесі жылдың ортасына дейін 500 миллионнан астам вакцина дозасын сыйға тартамыз. Мен мүше мемлекеттер бұдан да көп міндеттеме алады деп күтемін", - деді ол.
Осыған қарамастан, Еуропадағы наразылықтар вакцинацияның өзіне де, денсаулық паспортына қарсы да тоқтаусыз жалғасуда.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
