Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ басшысы пандемияның "өте қиын" айларына дайындалуға шақырды

Әлем пандемияның өте қиын айларын күтуде. Бұл мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус жұмада өткен брифингте жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз COVID-19 пандемиясының қиын кезеңінде тұрмыз, әсіресе солтүстік жарты шарда. Келесі бірнеше ай өте қиын болады және бірқатар елдер қауіпті бағытта қозғалады. Көптеген мемлекет COVID-19 жағдайларының экспоненциалды өсуіне тап болды, қазір ауруханалар мен реанимация палаталары өз мүмкіндіктерінің шегіне жетті. Ал бұл тек қазан айы", - деді ДДСҰ басшысы.

Гебрейесустың айтуынша, ел басшылары жаңа апаттың алдын алу үшін шаралар қабылдауы керек.

Талқылау