ДДСҰ әлем жұртын шетелге көп шықпауға шақырды
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан әлем жұртын көп қыдырмауға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сөзінше, егер пандемия кезінде басқа елге саяхаттағыңыз келсе, бірнеше қағидаларды естен шығармаған жөн.
"Егер сіз автобуста немесе көлікте, тіпті, пойызда болсаңыз, терезені ашып, отырған жеріңізді желдетіп отырыңыз. Масканы бетіңізден тастамаңыз", - дейді сарапшы.
Бұған қоса, ол өзіңізбен бірге залалсыздандыру құралдарын үнемі алып, қолды күніне бірнеше рет жуу керектігін алға тартты. Ал егер өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, одан да ешқайда шықпай-ақ қойған дұрыс.
ДДСҰ қызметкері алда келе жатқан мерекелерді отбасының ортасында өткізуге шақырды.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн