Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ДДСҰ әлем елдерін қайта карантин енгізуден бас тартуға шақырды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мемлекеттерді ықтимал Әлеуметтік және экономикалық салдарына байланысты COVID-19 таралуын тоқтату үшін карантинді қайта енгізуден бас тартуға шақырды. Бұл туралы The Daily Telegraph-қа берген сұхбатында ДДСҰ-ның төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, эпидемиолог Мария Ван Керкхове мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ДДСҰ өкілінің айтуынша, "локализацияланған стратегиялар" коронавирустың таралуын тежеу құралы ретінде карантинді алмастыруы керек.

Сонымен қатар, эпидемиолог наурыз айының соңында 100-ден астам елде енгізілген карантинді коронавируспен күресуге қажетті қоғамдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын құруға  уақыт бөлуге мүмкіндік беретін шара болды деп санайды.

Дегенмен, Керкхове карантиннің экономикалық және әлеуметтік шығындары, сондай-ақ денсаулыққа зияны "орасан зор" екенін атап өтті.

"ДДСҰ карантин енгізуді ұсынбайды, бірақ аурудың таралу жылдамдығына байланысты мұндай шараны бірқатар елдерде қолдану керек болды. Алайда, елдерге оны қайта енгізудің қажеті жоқ деп үміттенеміз", - деді ол.

Сондай-ақ, маман алдағы алты айда "қауіпсіз және тиімді" вакцина жасалынады деп сенбеу керек деген пікір білдірді.

Оның орнына, Керкхове елдерді жаңа індеттерді болдырмауға "жеке, шектеулі, локализацияланған" тәсілді қолдану үшін қазіргі кездегі қол жетімді құралдарды қолдануға шақырды.

"Бұл бағыттағы ғылыми жұмыстың жылдамдығы ерекше болды... қазір бізде аурудың таралуына жол бермейтін және өмірді құтқаратын құралдар бар", - деді эпидемиолог.

Ол науқастардың байланысын бақылау, ауқымды тестілеу, медициналық мекемелерді жабдықтау, әлеуметтік қашықтық және маска тағу сияқты шараларды атап өтті.

Керкхове бұл шаралардың барлығын бірге қолдану керектігін айтты. Бұл үкіметтерге өз елдерінде коронавирустың таралуын бақылауға көмектеседі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр