Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Даурығуға себеп жоқ – Ұлттық банк басшысы девальвация туралы 

Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің еркін бағамы кезінде девальвация болмайтынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ақша сток

Фото: pixabay.com

Сүлейменовтің айтуынша, теңге бағамы ішкі және сыртқы факторларға байланысты өзгеріп отырады. 

"Сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен теңге бағамы күшейіп немесе әлсіреп отырады. Оның негізі сыртқы фактор болады, біз үшін ең маңыздысы – мұнай бағасы", – деді ол.

Ұлттық банк басшысы әлемдік қаржы нарығын дәл болжайтын экономист жоқ. 

"Қандай да бір даурығуға үлкен себеп көріп отырғанымыз жоқ. Экономикалық өсім мен мемлекеттік қаржы көрсеткіштері болжам деңгейінде тұр. Қазір тұрақты екенін көріп отырмыз. Әрі қарай қалай болатыны Қазақстанға ғана емес, әлемдік нарықтағы жайттарға байланысты", – деді Тимур Сүлейменов. 

Талқылау