Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен мен Ақбота-Нұрдың екінші перзенті дүниеге келді (видео)

Айдарқұловтар отбасында үлкен қуаныш. Күні бүгін Ақбота-Нұр екінші сәбиін босанды. Дәурен мен Ақбота бір ұлдан кейін қызды болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Дәурен мен Ақбота-Нұрдың екінші перзенті дүниеге келді

Сүйінші хабарды қуанышы қойнына сыймаған әкенің өзі жеткізді.

“Аллаға шүкір. Қызды болдым. Рахмет жаным”, – деп жазды ол.

Сонымен қатар, ол Ақботаның перзентхана палатасына кіріп бара жатқан сәтін жариялап, қызына қандай есім бергенін жариялады.

“Ал төрт сағаттан кейін дүниеге Аиша келді”, – деп бөлісті Айдарқұлов.

Айта кетейік, КешYou тобының экс-солисі Ақбота мен актер Дәурен Айдарқұловтың Ибраһим есімді атұстары бар. Ол 2017 жылдың маусым айында дүниеге келген. Ал осыдан үш жылға жуық уақыт бұрын көңіл жарастырған жұп 2018 жылы заңды некелерін қиған еді.

Ал Дәурен Айдарқұлов үшін бұл бесінші бала екенін айта кетейік. Актердің алғашқы некесінен екі қыз, бір ұлы өсіп келеді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр