Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Айдарқұловтың Тұрсынбекпен жариялаған суреті жұртқа жақпай қалды

Дәурен Айдарқұлов пен Тұрсынбектің суреті көпшілікке жақпай қалдыФото: Threads.com/@daurenaidarkulov

Актер Дәурен Айдарқұловтың Threads парақшасында әріптесі, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен жариялаған суреті көпшіліктің ашуын туғызды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жазбасында:

“Ақыл ағадан, ілтипат ініден”, – деп жазған ол.

Алайда бұл жазба желі қолданушыларының көңілінен шықпады. Қазақстандықтар сын мен наразылыққа толы пікірлерді жарыса қалдырып жатыр.

“Тредсті өшірші, өтініш”, “Әдейі істейді-ау осы”, “Айқын жетіспей тұр”, “Осыған өзгенің назары жетіспей ме?”, “Өз-өзін мысқылдау дәрежесі аспанда ұшып жүр екен”, – деп жазды олар.

Сондай-ақ қазақстандықтар олардың жеке өміріне қатысты сын айтқан.

“Дәл осы ағаң ақыл айтпай-ақ қойсыншы”, “Екі клоун”, “Енді үш әйеліңмен бір сурет салып берші”, “Ақыл сұрайтын адамды тауыпсың”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін танымал актер Дәурен Айдарқұлов бір уақытта екі әйелмен қатар отбасылы болғанын айтып, ел білмейтін шындығын ашқаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сейсенбі, 27 Қаңтар, 2026 22:45