Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Министр ұялы телефонды қалай және не үшін тіркеу керектігі жайлы түсіндірді

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Facebook-тегі парақшасында ұялы телефондардың IMEI-кодтары қалай тіркелетіні туралы айтып берді, деп хабарлайды BNews.kz.

106309_474

Дәурен Абаев тіркеу рәсімін әзірлейтін жұмыс тобы құрылғанын айтты. Ережелер мамыр айының соңына дейін әзірленіп, қазақстандықтарға ең қолайлы нысанда түсіндіріледі. Бұл – бірінші кезектегі мәселе.

«Екіншіден, біз мекенжайға тіркеу тәжірибесін зерделедік. Сондықтан, рәсім барынша қарапайым болады,  кезекте тұру және дүрлігу тудырмайды.

Үшіншіден, Ұлыбритания, Түркия, Әзірбайжан және т.б. елдердегідей  IMEI-кодтар базасын құрудың халықаралық оң тәжірибесі назарға алынады.Төртіншіден, жүйені қосу телефон ұрлығын айтарлықтай төмендетуі тиіс. Сонымен, жәбірленуші полицияға шағым түсіргеннен кейін ұрланған телефон бұғатталады. Яғни, телефон ұрлағаннан «пайда болмайды», – деп жазды Абаев.

Сонымен қатар, министр Қазақстанда қанша телефон ұрланатыны туралы статистикалық дерек келтірген.

ІІМ мәліметінше, бүгінгі таңда елімізде жыл сайын шамамен 60 мың телефон ұрланады екен. Олардың 5%-ға жетпейтін мөлшері ғана қайтарылады. Көбінесе телефондарын жоғалтатындар – балалар. Бізде алдағы уақытта олардың қылмыскерлермен бетпе-бет кездесуін қауіпсіз ететін нақты құрал бар.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда IMEI-кодтардың бірыңғай базасында тіркелмеген телефондар бұғатталады.

Талқылау