Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елімізде IMEI-кодтары тіркелмеген телефондар бұғатталады

Қазақстанда 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап  IMEI-кодтардың бірыңғай базасында тіркелмеген телефондар бұғатталады.

1482155247_20162f112f042fb02fed0bbe80682d4d09976e5ff78c25400f.00c20

«Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының нормаларында телефондардың сәйкестендіру кодын міндетті түрде тіркеу бекітілген, деп хабарлайды BNews.kz.

IMEI-кодтардың бірыңғай базасын құру осы жылдың қаңтарынан бастап қолға алынды. Заңға сәйкес, 1 шілдеден бастап мобильді байланыс операторлары уақытылы тіркелмеген нөмірлерді бұғаттауға міндетті болады.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде хабарлағандай, осы мәселеге қатысты жақында ұялы байланыс операторларының қатысуымен жиналыс өтті. Жақын арада ұялы байланыс абоненттік құрылғыларының тіркеу қағидалары әзірленеді.

2016 жылдың 22 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңда жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу ережесін бекіту қарастырылған.

Бүгінде осыған байланысты «Жылжымалы желінің абоненттік құрылғыларын тіркеу ережесін» әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды. Бұл ережеде абоненттік құрылғыларда IMEI-кодтарды тіркеу процедурасы қамтылмақ. Жұмыс тобының құрамына Ақпарат және коммуникациялар, Ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары мен «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-ның өкілдері енді.

Бұл процесті жеңілдету мақсатында тіркеуді абоненттердің тікелей қатысуынсыз өткізу жоспарлануда.

Айта кету керек, IMEI-кодтардың бірыңғай базасын құру мемлекеттік бюджет қаражатын жұмсауды қажет етпейді.

Тұтастай алғанда, аталған шара контрафактілік құрылғыларды тасымалдауға шектеу қойып, ұялы телефон ұрлығының алдын алуға мүмкіндік бермек.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда Шымкент қаласы ең қауіпсіз қала саналады

Астанада теміржол вокзалының шатыры опырылып түсті (видео)

Саясаттанушы блогерге: Жатыпатар болмай пікіріңізді ашық айтыңыз, анда-мында сандалмай

Талқылау