Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Желілік қоқыс": Дәурен Абаев қызу талқыға түскен екі сиырға қатысты пікір білдірді

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Нұр Отан» саяси кеңесінің отырысында Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан,  желіде қызу талқыланған пікіріне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шынымды айтсам, байбалам салуды түсінбеймін. Егер Елбасы "еңбексіз, тоғаннан балық аулай алмайсың" деген нақыл сөзді айтса не болар еді? Сонда не? Әлеуметтік желілерде блогерлердің балық аулайтын қармақтары мен құрттары бар фотолары толып кетер ме еді? Екі сиыр ақпаратты оңай қабылдау үшін айтылып отырған үлгі екені айдан анық қой. Кейбіреулер үшін екі сиыр - жеке учаске, біреулер үшін - көлік жуу немесе жол бойындағы кафе, кейбіреулер үшін - тігу, біреулер үшін - азық-түлік дүкені ", - деді Абаев "Хабар" арнасындағы "Ашық диалог" бағдарламасында.

"Мен екі сиыр фермасының өміршеңдігі туралы байыпты есеп жасайтын мамандардың есіне салғым келеді: тұңғыш президент ауылдан шыққан. Ол жастайынан ата-анасына соғыстан кейінгі қиын кезеңдерде ферманы басқаруға көмектесті. Оған сиыр дегеніміз не және ол қанша сүт береді дегенді түсіндірудің, айтудың қажеті жоқ", - деді министр.

Оның айтуынша, іс жүзінде Елбасы азаматтарды өз күштеріне сенім артуға шақырды.

"Әрекетсіздігіңізді жаман шенеуніктермен, нашар мемлекетпен, нашар әлеуметтік саясатпен ақтау оңай. Жағдайды өз қолыңызға алу және жұмыс жасау қиынырақ. Егер жақсылап қарасаңыз, бүгінде жұмыс жасаймын деген адамға барлық жағдай жасалған. Әкімдіктер, министрліктер және "Атамекен" арқылы, "Даму" қоры арқылы шағын несиелендіру, шағын бизнесті қолдау және тағы басқа бағдарламалар жүзеге асырылуда. Сайып келгенде, Елбасы адамдарды өз бизнестерін ашуға шақырды. Ал бұл ең бастысы. Қалғандары - желілік қоқыс", - деді Абаев .

Еске салсақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде қазақстандықтарға ақша табу үшін шағымдардың орнына екі сиыр сатып алуға кеңес берген болатын.

«Жұмыссыздарға микрокредиттер берілді. Екі сиыр сатып алып, өздеріңе тамақ беріңдер. Қосымша сүт сат. Бақша отырғыз. Азық-түлік ал, қалғанын базарға сат. Енді тағы не қажет?» - деді Назарбаев.

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев сиырдың көмегімен қалай ақша табуға болатынын айтып берді. Оның айтуынша, сіз 1-2 сиыры бар ауылда тұра аласыз, бастысы оларға барлық жағдай жасау керек.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Жанын қинамай өлтіргісі келді": Петропавлда екі адамның өмірін қиған айыпталушының адвокаты жұртты шошытты

Қанды оқиға тамыз айында Мамлют ауданында болған

Алматы облысында ер кісі 20 жылға жуық уақыт бойы құлдықта жүргенін айтты

Сергей Тимохин қателік жіберсе, соққының астында қалатынын жасырмады

Маңғыстау облысындағы перзентханада шала туылған бала мұрнынан айырылды

Сәбидің анасы дәрігерлерден емге 10 миллион тенге талап етпек

Арыс қаласындағы балаларға қайырымдылықтан түскен 32 млн теңгеге сый жасалды

Ұлдарға ағаш пен метал жонитын құрал, қыз балаларға тігін машиналары табысталды

Химиялық кастрация жасайды: Қаратаудағы 9 жасар баланы өлтірген педофил өмір бойына сотталды

Қылмыскер бүлдіршіннің денесін өртеп, велосипедпен әкетіп бара жатқаны камераға түсіп қалған

Қазақстанда жүргізуші куәлігінің жаңа түрі қашан беріледі

Жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын тіркеу куәліктерін өзгерту қажет пе?

Алматыдағы мектеп жанында жеті жасар қызды қағып қашып кетті

Қызды жедел жәрдем бригадасы шұғыл көмек орталығына алып кетті

Елімізде жоқ облыс атында 1,3 млрд теңге қарыз бары белгілі болды

Есеп комитетінің басшысы мәселені шешу үшін жұмыс тобын құруды ұсынды

"Фабрика" тобының бұрынғы әншісі ислам дінін қабылдап, ауылда тұрып жатыр

Әпкесі әншінің өз еркімен және саналы түрде мұсылман әйел болғанын айтады

Ерке Есмаханның пластикалық отаға жүгінгені рас па

Диас Аблаев: Жанынан қарағанда тіпті жаман көрінеді
Çàãðóçêà...