Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметіне тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Абаевты жаңа қызметке тағайындады. Енді Абаев Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде. Бұл туралы Stаn.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Дәурен Абаев бұған дейін де мемлекеттік қызметте түрлі лауазымда болды. Атап айтқанда ҚР-ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы және кеңесшісі қызметінде, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі, 2019 жылы Ақпарат және әлеуметтік даму министрі болып тағайындалды. 2020 жылы Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Талқылау