Дәулет Тұрлыхановтың ұлы шабуыл жасаған жәбірленуші соттағы мән-жайды айтты
Фото: Видеодан скрин
Заңгер Анна Чернова әлеуметтік желіде депутат Даулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты сот отырысында не болғанын баяндады. Сотталушы ерлі-зайыпты Черновтарға шабуыл жасап, пробация шарттарын бұзғаны үшін жазасын өтеп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жәбірленуші Анна Чернованың айтуынша, сот отырысында Нұрасыл жазасын айыппұлға ауыстыруды сұрады. Сотталушының адвокаты жас жігіттің өкініп отырғанын, кешірім сұрап, отбасына оралғысы келетінін айтты. Сондай-ақ адвокат жігіттің атасы науқас екенін айтып, немересі үшін қатты уайымдап отырғанын жеткізді.
Жәбірленуші тарап та отбасының қатты күйзелісті бастан өткергенін айтты.
“Біз де біреудің немересі, баласы және ата-анасы екенімізді айттым. Біздің де әжелеріміз уайымдап отыр, менің әжем 97 жаста. Анам да, Олегтің ата-анасы да әлі күнге дейін шок күйде”, – деді Анна Чернова.
Алайда олар Нұрасыл Болаттың жазасының жеңілдеуіне қарсы болмаған.
“Біз оның жазасын жеңілдетуге қарсылық білдірмедік. Тек айыппұлға емес, бас бостандығынан шектеуге ауыстыруын қолдадық. Нұрасылдың қамауда отырғанына 10 ай болды. Мен оған ашуланбаймын, керісінше бізді қаралап, жамандаған оның туыстарына көбірек өкпелімін. Тіпті мен оны адам ретінде аяп кеттім. Себебі оған шынайы махаббат пен тәрбие жетпеген сияқты”, – дейді жәбірленуші.
Алайда, еске салайық, сот Нұрасыл Болаттың өтінішін қанағаттандырмаған еді. Айта кетсек, ақпан айында заңгер Анна Димитриевич күйеуі Олег Чернов екеуін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл соққыға жыққанын мәлімдеді. Көп ұзамай оның үстінен Қылмыстық кодекстің 293-бабы “Бұзақылық” бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейін депутат ұлының жасаған іс-әрекетіне қатысты пікір білдірген еді. Алғашында депутаттың ұлы айыппұлмен құтылғанымен, кейін Жоғарғы сот оған бас бостандығын шектеу жазасын берді.

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
