Дәулет Тұрлыхановтың есімін пайдаланған адам 91 тобы үшін Ерболат Беделханға сес көрсетті
Ninety one тобы тағы да дау-дамайдың ортасында. Желіде даңқты палуан Дәулет Тұрлыхановтың продюсер Ерболат Беделханға сес көрсеткен аудиожазбасы пайда болды. Аудиожазбада Тұрлыханов 91 тобының сахнаға шығуына тыйым салып, продюсерге қоқан-лоққы көрсеткен.
Өзін Дәулет Тұрлыхановпын деп таныстырған ер адам қоғамда дау тудырған Ninety one тобының алдағы уақытта сахнаға шығып ән салуына қарсылық танытты. Ерболат Беделхан соңғы рет 91 тобының сахнаға классикалық стильде шыққанын айтып ақталады. Алайда телефонның ар жағындағы дауыс Ерболаттың бұл сөзіне алдана қоймады.
“Балаларың темір үзетін жігіттер. Не деген сұмдық? Енді сондай әңгімелерге тоқтау салу үшін менің баруым керек па? Ешқандай сахна жоқ сендерге. Ақыры түрлері шетел, онда шетелге кетсін. Халық қарсы шыққаннан кейін, қызанақ, стақан лақтырғаннан кейін қою керек қой халықты ашуландырмай”, – деп айтылған аудиожазбада.
Алайда Дәулет Тұрлыханов аудиожазбадағы дауыстың иесі өзі емес екенін мәлім етті.
“Мен “Ninety One” тобына ешқандайда сөгіс айтқаным жоқ, топ продюсері Ерболат Беделхан екеуміздің арамызда ешқандайда əңгіме болған емес”, – деп жазды Тұрлыханов желідегі парақшасында.
Ерболат Беделханның өзі бұл туралы пікір білдірмеді. Продюсердің жеке телефоны өшірулі.
Жіберіп алмаңыз:
Джастин Бибер жанкүйерінің бетінен бір ұрып қанын ағызды (видео)
Шахизада маскүнемдікке салынған күйеуінен оңбай таяқ жегенін айтты
Айнұр Тұрсынбаева: Аш қасқырдай жалаңдаған жас ұрпақ өсіп келе жатыр
Мақпал Исабекова: Мәскеуде туған екі балам бар