Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәулет Төлеутайұлы: Алдағы уақытта үй бағасы қымбаттамаса, арзандамайды

Қазақстандық блогер, журналист Дәулет Төлеутай үй бағасына қатысты өз ойын айтты. Көпшіліктің сан сауалына жауап берді. Баспана алуға қатысты көпшілікке кеңес беріп жүрген блогер алдға уақытта үйдің қымбаттайтынын айтты. 

Дәулет баспана

"Соңғы күндері маған ең көп келіп жатқан сұрақ - Үй бағасы арзандай ма? Жауабы: Жоқ.  Бір эксперттердің баспана хитке мемлекет ақша құймаса, үй бағасы - 30% арзандайды деген сілтемелерін жіберіп жатқандар да бар. Менің ойымша, бұл баспана хитке неге ақша бөлмейді дегендерді тыныштандыру үшін арналған (тапсырыспен жасалған) мақалалар болуы мүмкін!  Мүмкін халық шуламас үшін... Әйтпесе... Құрылыс материалдары сұмдық қымбаттауда...

Мәселен, кірпіш 60-80 теңге еді, қазір зауыттарда кемі 110-130 теңге. Оның өзінде кірпіш тапшы болуда... Газоблок, темір, арматура бағасы да ұшты! Құрылыс компаниясының басшысы өткенде ғана үйлерін сатылымға шығарарда шаршы метрін 300.000 теңгеден бастаймыз деп еді... Бүгін ол ондай баға қоймайтын болдық. Барлық материалдың бағасы өсіп кетті, енді шаршы метрін 330.000 теңгеден сатуды бастаймыз дейді...

ін екенін де түсініп отырмыз.



Бұл қолма-қол ақша алған жағдайда. Ал ипотекаға алса, бағаны 360.000 теңгеден бастаймыз дейді... Бұның өзі Нұр-Сұлтан бойынша төменгі орташа баға. Әйтпесе, біраз компанияларда шаршы метрі 400.000 теңгеден асуда. Алматы болса мүлде... қол жетімсіз болып барады. Барлық зат қымбаттап жатқанда, үй бағасы арзандауы мүмкін бе?!", - деп жазды Дәулет Төлеутай оқырмандарына. 

"Қазағымның үйсіз, күйсіз осы қаңғығаны жалғаса береді десей, әрине, өте өкінішті. Биліктің қарны қашан жарылар екен, соны күткеннен басқа амал жоқ", "Үйсіз қазақ көбеймесе, азаймай тұр", "Мемлекет қадағаласа болады ғой осы", "Құрылыс заттарының 50-60% қымбаттауына не себеп? Темір өзімізде, цемент өзімізде. Шетелге сатып жатырмыз бар металды", "Осы бір бағаны реттеу комитеті деген бар еді ғой солар әлі бар ма? Солар не істейді? Әркім өз бетімен көтере бере ме, айлық бір тиын да көтерген жоқ. Әлде Қазақстанда тек қана дәрігер, мұғалім, әскерилер ғана тұрады деп ойлай ма?", - деп жазды наразы жұрт. 

Мөлдір Төлебай
Сәрсенбі, 26 Мамыр, 2021 12:54
Талқылау