Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дауыс берушілердің ең жоғары белсенділігі Шымкентте және СҚО-да: Сайлаушылардың келуі туралы алғашқы деректер

Бүгін Қазақстанда мәжіліс депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Осыған орай сағат 10:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы деректер жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2021 жылғы  10 қаңтар сағат 10.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санынан 11,6% алды.

Олардың ішінде:
Ақмола облысы бойынша – 10,2 %
Ақтөбе облысы бойынша – 9,9 %
Алматы облысы бойынша – 11,3 %
Атырау облысы бойынша – 10,3 %
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 12,7 %
Жамбыл облысы бойынша – 12,8 %
Қарағанды облысы бойынша – 10,4 %
Қостанай облысы бойынша – 11,2 %
Қызылорда облысы бойынша – 10,3 %
Маңғыстау облысы бойынша – 8,7 %
Павлодар облысы бойынша – 14,0 %
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 14,9 %
Түркістан облысы бойынша – 13,3 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 12,1 %
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 10,8 %
Алматы қаласы бойынша – 9,7 %
Шымкент қаласы бойынша – 14,4 %

STAN.KZ
Жексенбі, 10 Қаңтар, 2021 09:33
Талқылау