Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дәстүрлі қазақ қоғамында мінсіз қыз мақта сияқты жұмсақ". Айя Шалқар арт-жобасында әйелдердің рөлі жайлы айтты

Қазақстандық арт-суретші, модель Айя Шалқар әйелдердің құқықтары арт-жобасын таныстырды. AR технологиясының көмегімен (толықтырылған шындық-ескерт.РД) Айя қазақ мәдениетінің дәстүрлі элементтерін қолдана отырып қоғамның проблемалық мәселелерін көрсетуге тырысты. Тұрмыстық зорлық-зомбылық, виктим-блейминг, кемсітушілік және сексизм — ХХІ ғасырдағы қазақстандық әйелдердің бетпе-бет келіп жүрген проблемалары.

Дипломдық жұмысына арнайы жасалған жоба алты сериядан тұрады.

"The Golden Woman" (Алтын әйел)

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

“The Golden Woman” In Kazakhstan, women take up 22% of the Parliament. More than a half of Kazakhstan’s population believes women don’t belong in positions of power and should be excluded from political and economical conversations. It has to change. Женщины занимают всего 22% от всех мест в Парламенте Республики Казахстан. Большая часть казахстанцев считает, что женщинам не место во власти и что они не должны участвовать в экономических и политических дискуссиях. Пришло время перемен. Concept & Art Direction: @aya_shalkar VFX: @buralqy Sound Design: @ady.audio

Публикация от Aya Shalkar (@aya_shalkar)

 

Әйелдер Қазақстан парламентіндегі тек 22% ды алады, ал облыс әкімі лауазымына еліміздің тарихында алғаш рет тек 2020 жылы ғана әйел тағайындалған. Қазақстан халқының басым бөлігі әйелдер энономикалық және саяси дисуссияларға қатыспауы тиіс, олардың билікте орны жоқ деп санайды. Қалған салалар да жыныстық белгі бойынша қабылдайды: ерлер индустрия саласын көбірек иемденсе , ал әйелдер қоғамдық және қызмет көрсету секторында бой көрсетеді.

"How Many Cups?" (Шеше шеше, неше ĸесе сынды ĸеше)

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

“How Many Cups?” Every year an estimated amount of 400 deaths of women in Kazakhstan are a result of domestic abuse. In 2017 domestic violence in Kazakhstan had been decriminalised by law, and only a fraction of all the cases get reported to police. It has to stop. Каждый год в Казахстане умирает в среднем 400 женщин в результате домашнего насилия. В 2017 году домашнее насилие в Казахстане было перенесено в раздел административных нарушений, и только малая их часть доходит до заявлений в полицию. Этому должен прийти конец. Concept & Art Direction: @aya_shalkar VFX: @buralqy Sound Design: @ady.audio

Публикация от Aya Shalkar (@aya_shalkar)

Қазақстанда жыл сайын үйдегі зорлық-зомбылық салдарынан орташа есеппен 400 әйел көз жұмады. Статистикаға сәйкес, аймақтарда әрбір үшінші әйел серіктес тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған. 2017 жылы Қазақстандағы үйдегі зорлық-зомбылық әкімшілік бұзушылықтар бөліміне ауыстырылды және осы уақытқа дейін олардың аз бөлігі полицияға арыз беруге жетеді.

From 40 Homes (Қызға қырық үйден тыю)

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

“From 40 Homes” Vast majority of violence and/or harassment related cases that happen in Kazakhstan towards women stay unreported. Cases that get reported and given publicity are often met with very strong victim blaming from the public. The victims deserve to be heard without judgement. Огромное количество случаев насилия над женщинами в Казахстане не предаются огласке и не доходят до заявлений в полицию. Жертвы насилия, которые находят в себе смелость рассказать о своих историях, в большинстве случаев сталкиваются с виктим-блеймингом со стороны общества. Они достойны быть услышаны без осуждения. Concept & Art Direction: @aya_shalkar VFX: @buralqy Sound Design: @ady.audio

Публикация от Aya Shalkar (@aya_shalkar)

Әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылықтарың қаншамасы полицияға жетпей қалып жатыр. Ал өз басына түскен қайғысымен бөлісетіндер  қоғам ішінде виктим-блеймингге тап боп жатады. Қазақстан өз — өзіне қол жұмсау жағдайлары бойынша әлемде жетінші орында тұр, бұл өлім-жітімнің көпшілігі жыныстық зорлық-зомбылыққа байланысты туындайды.

The Burden 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

“The Burden” Women in Kazakhstan still gain 33% less money for the same amount and kind of work being done than men, and often face discrimination and sexism in the workplaces. The injustice needs to stop. Женщины в Казахстане в среднем зарабатывают на 33% меньше за идентичную работу, чем мужчины, а также постоянно сталкиваются с дискриминацией и сексизмом на рабочем месте. Неравенству должен прийти конец. Concept & Art Direction: @aya_shalkar VFX: @buralqy Sound Design: @ady.audio

Публикация от Aya Shalkar (@aya_shalkar)

 

Қазақстандағы әйелдер жұмыста ерлерден орташа алғанда 35% - ға аз табыс табады. Олар үнемі жұмыс орнында кемсітушілік пен сексизмге тап болады. Дәстүрлі көзқарастар бойынша қазақ әйелі мансаб құруға ұмтылмауы тиіс-еркектерден де табысты болмауы тиіс. Ең қызығы, Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда білімдірек. 

The Farewell

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

“The Farewell” There is a long a list of traditions that are based on oppression of women in Kazakhstan, as they get engaged in marriage or are forced to do so. Stereotypically, the bride becomes a slave figure in the new family, and has no right to speak up for herself. Stop normalising it. В Казахстане существует множество традиций, основанных на угнетении женщин, которые зачастую связаны с женитьбой. Так, невеста может стать буквально рабыней в новой семье, и традиции запрещают ей перечить такому укладу. Пришло время пересмотреть то, что мы считаем нормальным. Concept & Art Direction: @aya_shalkar VFX: @buralqy Sound Design: @ady.audio

Публикация от Aya Shalkar (@aya_shalkar)

 

Қазақстанда әйелдерді қанауға негізделген көп дәстүр бар, олар көбінесе үйленумен байланысты. Мысалы, қалыңдық жаңа отбасында құлша қызмет етуі мүмкін, ал дәстүр оған бұл нәрсеге қарсы шығуға тыйым салады. 

Cotton Girl (Мақта қыз)

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

“Cotton Girl” There are many things that a “perfect” Kazakh woman has to be in order to be respected. The all-time favourite character of traditional sexists is the “timid girl”: soft, feminine, and quiet. We are more than that. Есть много качеств, которыми должна обладать “идеальная” казахская женщина в глазах традиционного общества. Самый излюбленный образ - мягкая, покладистая и скромная девушка без характера и амбиций. Мы больше, чем эти рамки. Concept & Art Direction: @aya_shalkar VFX: @buralqy Sound Design: @ady.audio

Публикация от Aya Shalkar (@aya_shalkar)

Дәстүрлі қазақ қоғамында мінсіз қыз мақта сияқты жұмсақ, қарапайым, отбасына берілген, ас үйден шықпайды. Қазақстанда әйелдер мықты мінезі үшін, мақсаттары үшін жиі сөгіс естиді. В XXI ғасырда Қазақстанда әйелдер сексистік гендерлік рөлдерден азат емес.

 
Талқылау