Дастархан мен отшашу: Қарағанды тұрғындары жолдың жөнделуін ерекше атап өтті (видео)
Әлеуметтік желіде жол үстіне дастархан жайып, көңілді кеш өткізген тұрғындардың видеосы тарады. Автордың сөзінше, қарағандылықтар жолдың жөнделуін дәл осылай атап өткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жазбаға сәйкес тұрғындар жолдың жөнделуін ұзақ күткен. Сондықтан бұл жайтты ерекше атап өтіпті.
"Дәл осылай тату көршілер Солнечная мен Пичугин көшелерінің қиылысындағы ұзақ күткен асфальтты атап өтті", - деп жазды Narodnyi.control.krg порталы.
Дастарханнан кейін тұрғындар отшашу да атқан. Тіпті жаңа жолға шампан да төккен.
"Жер үйде тұратын адамдар ғана бұл қуанышты түсінеді. Себебі бізге ештеңе жетпейді. Тротуар да, асфальт пен жарықтандыру жүйелері де жоқ. Көктем мен күзде батпақ болады", - деп жазды желі қолданушылары.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ