AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Секенов бас әскери прокурор болып тағайындалды

Мемлекет басшысының келісімімен Бас прокурордың бұйрығымен Секенов Дастан Әбдіқадырұлы Бас әскери прокурор болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дастан Секенов прокуратура органдарындағы қызметін 1996 жылы Алматы қаласының Ақсай ауданында тағылымдамашы болып бастаған.

2001 жылға дейін Алматы қаласының прокуратурасында түрлі лауазымдарда жұмыс жасады.

2001-2009 жылдар аралығында Бас әскери прокуратурада басшылық лауазымдарды атқарды.

2009 жылы Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры болып тағайындалды.

2014-2018 жылдары Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінде департаменттерді басқарды.

2018 жылы Президент Әкімшілігінде еңбек етіп, 2019 жылы Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің сектор меңгерушісі болып тағайындалды.

2019-2021 жылдары - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болды.

2021 жылғы мамыр айынан бастап Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары лауазымын атқарды. Сыныптық шені: әділет полковнигі. "Құрмет" орденімен марапатталған.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр