Дастан Сатпаев – ҚПЛ-дың ең қымбат футболшысы атанды
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Алматылық "Қайраттың" 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сатпаев Transfermarkt порталының жаңартылған деректері бойынша Қазақстан Премьер-Лигасындағы ең қымбат ойыншы болып танылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның трансферлік құны бірден 1,3 миллион еуроға өсіп, қазір 1,8 миллион еуроға (шамамен 770 миллион теңге) бағаланып отыр.
Сатпаевтың құнының күрт өсуі оны ҚПЛ ойыншылары арасындағы көшбасшы етті. Екінші орында – командадағы әріптесі, жартылай қорғаушы Валерий Громыко. Оның құны 200 мың еуроға өсіп, 1,2 миллион еуроны құрады. Ал үздік үштікті Георгий Зария мен Егор Сорокин аяқтайды – екеуінің де құны 900 мың еуроға тең.
Айта кетейік, Сатпаев биылғы маусымда Қазақстан Премьер лигасында 13 ойында 8 гол соғып, 4 нәтижелі пас берген. Әзірге отандасымыз ҚПЛ-да үздік сұрмергендер тізімінде көш басында.
Ішкі чемпионатта қазақстандық спортшылар арасында екінші орынға "Тобылдың" шабуылшысы Ислам Чесноков жайғасты. Исламның да нарықтағы бағасы Transfermarkt порталының есептеуінше Зария мен Сорокиннің бағасымен бірдей, яғни 900 мың еуроға бағаланған.
-
16 жастағы қазақ футболшысын "Челси" 4,3 миллион еуроға сатып алды
-
Қазақстандық футболшы Дастан Сатпаев Франция чемпионатына ауысуы мүмкін
Transfermarkt порталының дерегінше, ҚПЛ-дегі ең қымбат он ойыншы мынадай:
-
Дастан Сатпаев ("Қайрат") – 1,8 млн еуро
-
Валерий Громыко ("Қайрат") – 1,2 млн еуро
-
Георгий Зария ("Қайрат") – 900 мың еуро
-
Егор Сорокин ("Қайрат") – 900 мың еуро
-
Ислам Чесноков ("Тобыл") – 900 мың еуро
-
Алибек Қасым ("Ақтөбе") – 850 мың еуро
-
Назми Грипши ("Астана") – 850 мың еуро
-
Усман Камара ("Астана") – 850 мың еуро
-
Юг Станоев ("Қайрат") – 800 мың еуро
-
Бранимир Калаица ("Астана") – 800 мың еуро

Қазақстандық қыз күйеу жігіттен қалыңмалын алып, артынша полицейге тұрмысқа шығып кеткен
