Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Сәтпаев "Қайраттың" "Реалға" қарсы жоспарын айтты

Фото: KFF

Алматылық "Қайраттың" шабуылшысы Дастан Сәтпаев алдағы Чемпиондар лигасы аясындағы мадридтік "Реалға" қарсы өтетін ойынды қалай өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кәрі құрлықтың ең басты додасы аясындағы екінші тур ойыны 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.

Қазақстандық жас футболшы команданың әртүрлі тәсілдерге дайын екенін атап өтті.

"Біз оларды екі адам болып тосып алып, допты тартып алуымыз жеңілдеу болады, немесе қорықпай бір-бірден тартысқа түсеміз. Бұл біз үшін жаңа тәжірибе, сондықтан қарсы тұруға тырысамыз. Маған ең бастысы – команданың жетістікке жетіп, осы ойында барынша жақсы нәтиже көрсетуі. Біз "Реалдың" оңай қарсылас емес екенін жақсы түсінеміз, олар бірнеше рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған. Дегенмен жанкүйерлер үшін ойнасақ, қолымыздан бәрі келеді деп ойлаймын", — деді Сәтпаев Qazsport телеарнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойында "Қайрат" сырт алаңда Лиссабонның "Спортингіне" 1:4 есебімен жол берген еді.

Абылайхан Палмағанбет
Дүйсенбі, 29 Қыркүйек, 2025 15:40
Талқылау