Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасындағы келесі матчқа қатыспайды

футбол

Фото:”Қайрат” фк

Алматылық “Қайрат” футбол клубының жас жұлдызы Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасының 6-турында Олимпиакоспен өтетін ойынға қатыспайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Себебі Сәтпаевтың “Копенгагенмен” өткен ойында алған сары карточкасы оны келесі матчтан тыс қалдырды.

Бұл –  оның турнирдегі үшінші сары қағазы.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев Копенгаген қақпасына гол соғып, Чемпиондар лигасы гол соққан ең жас үш футболшының бірі ретінде тарихқа енді. Сонымен қатар бұл матчта Олжас Байбек те қарсыластың қақпасынан саңылау тауып, сары-қараларға екінші голды сыйлады. Осылайша қос қазақ баласы Чемпиондар лигасында гол соққан тұңғыш қазақ ойыншылары атанды.

Тартысқа толы ойында даниялық клуб “Қайраттың” қақпасына 3 мәрте гол соқты. Нәтижесінде ойын 3:2 есебімен “Копенгагеннің” пайдасына аяқталды. Осылайша олар 4 ұпай жинап Чемпиондар лигасының кестесінде 29-орынға жайғасты.  Ал “Қайраттықтар” 35-орынға тұрақтады.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 27 Қараша, 2025 13:49
Талқылау