Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Сәтпаев 18 жасқа толған соң "Челси" клубына ауысады – Рафаэль Уразбахтин

“Қайрат” футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин 1XCLUB арнасына 2025 жылғы маусымның қорытындысы, клуб трансферлері және Анарбеков пен Сәтпаевтың алдағы жоспарлары туралы эксклюзивті сұхбат берді.

Уразбахтин командаға жаңадан қосылған ойыншылардың бейімделуі және клубтың 2026 жылғы маусымға дайындығы туралы айтып берді. Алайда алдағы маусым клуб үшін оңай болмауы мүмкін. Себебі бапкердің айтуынша, команданың басты жұлдызы Дастан Сәтпаев 18 жасқа толғаннан кейін осы жазда клубтан кетіп, Лондонның "Челси" клубына ауысуы тиіс.

Рафаэль Уразбахтиннің сұхбатының толық нұсқасын 1XCLUB арнасынан көре аласыз:

"Қайрат" клубы ҚПЛ-дегі алғашқы матчын қонақта, 7 наурыз күні "Алтай" клубына қарсы өткізеді. Ал алматылық команданың алғашқы үйдегі ойыны 16 наурыз күні "Ақтөбе" командасына қарсы болады. "Қайрат" жанкүйерлеріне 1XBET жағымды тосынсыйлар дайындап отыр, толық ақпаратты 1XBET Telegram арнасынан білуге болады.

Дана Русланқызы
Жұма, 06 Наурыз, 2026 18:21