Дастан Оразбеков түсірілім кезінде төбелес шығарды
Бағдарлама барысында Дастан Оразбековке жала жабылады. Полицейлердің бұл әрекетіне шыдамаған ол төбелес шығарады. Артынша барлығының әдейі жасалып жатқанын түсінеді.
Бұл туралы Жетінші арнаның “Келесі кім” бағдарламасында айтылды.
“Келесі кім?” бағдарламасының ұжымы Дастан Оразбековты алдады. Әнші өзінің ойдан шығарылған қылмысқа қатысының бар екенін білген кезде төбелес шығарды. Бұл уақытта полицейлер оны бөлімшеге алып кетпек болған еді. Артынша “Келесі кім?” жүргізушісі әншіге болған оқиғаның барлығының әзіл екенін түсіндірді.
Аталған бағдарлама Дастан Оразбековті түсірілімге шақырады. Бағдарламаның сценарийіне сәйкес ол ресепшнде бір күн бойы жұмыс істеуі керек болады. Кенет ресепшнге бір жігіт жүгіріп келіп, қонақүйде қыздың мәйіті табылғанын айтады. Оқиға орнына дереу полицейлер келіп, Дастан Оразбековты куәгер ретінде тұтқындайды.
Осы сәтте әнші төбелес шығарып, бөлімшеге бармайтынын айтады. Жағдайдың ұшығып бара жатқанын түсінген жүргізуші әншіге бар шындықты ашып айтып береді. Дастан өзінің “Келесі кім?” бағдарламасына тап болғанын түсініп, полицей рөлін сомдаған актерлермен татуласады.
Жіберіп алмаңыз:
Дастан Оразбеков кезінде көгілдірлер клубында биші болып жұмыс істегенін мойындады
Сиви Махмұди елден жасырған күйеуін көрсетіп оған деген сезімін білдірді (фото)
Қазақша ән шырқаған Киркоров КВН финалында біздің командаға көмектесті (видео)