Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Оразбеков көз алдында қайтыс болған әкесін еске алып, жылап жіберді (видео)

Дастан Оразбеков өміріндегі ең ауыр кезең туралы айтып берді. Әнші аталған жайт туралы бұған дейін жан баласына жақ ашпаған көрінеді. Отбасына қатысты болса да, Дастан бұл туралы тіпті туған бауырларына айтпапты.

Hit-TV арнасының “Кездер-ай” бағдарламасында Дастан алғаш рет өзегін өртейтін өкініші туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Өкінетін сәттер бар, бірақ мен оны айта алмаймын. Ол емделмейді, онымен күресе алмайсың бір жаманы… Қазір мен ол туралы айтып бастасам, босап кетемін. Ол менің ішімдегі жарам болып қала берсін. Кей кезде тыртығыңды ешкімге көрсеткің келмейді ғой, сол секілді”, – деген Дастан жан-жарасы туралы айтқысы келмейтінін меңзеді.

Алайда журналист Нұржан Аташ іштегіні сыртқа шығару арқылы жеңілдеуге болатынын айтып, Дастанға бұл сұрақты қайта қойды. Сонда әнші:

“Оны өзгеден естіп, естімеген күннің өзінде маған көзімен білдіретін болса, маған әлдеқайда батады деп ойлаймын. Оны айтсам, тек бауырларыма айтатын шығармын. Негізі ешкім білмейді”, – деп жауап берді.

Бұдан кейін әнші көзін төмен түсіріп, үнсіз қалды. Бірнеше секунд өтер-өтпес: “Ол жағдай әкем қолымнан кеткен кезде болды”, – деді де шыдамастан орнынан тұрып кетті.

Жүргізуші дәл осы жерден бағдарламаны үзуге тура келгенін айтады.

-Дастан , сенің ең үлкен өкінішің?! – Бар, бірақ мен оны айтпаймын Нұржан , – деп жанары төмен қарай мұңая түсті Дастанның. Сонда мен : -Неге жанарыңдағы мұңды жасырасың, сонша жаныңа батады ма?! Онымен неге күреспеске?! -Ол өкінішпен күресе алмайсың бір жаманы… -Бірақ жаныңа батқанды сыртқа шығару арқылы жеңілдеуге болады ғой?!-дегенімде… -Ол жағдай әкем көз алдымды, қолымда тұрып өмірден өткен кезде болған , – деді де , сөзінің астарындағы айтылмаған үлкен жүкпен күрсіне, шыдамастан орнына тұрып кетті… Сол жерден бағдарламаны біршама уақытқа үзуге тура келді…! Бір нәрсені ғана айтқым келеді бұл сұхбаттан кейін менің Дастанға деген құрметім мен көзқарасым әлде қайда арта түсті. Адалсың , Адамсың Сен! @dastanello @kezder_ai #Осы_сенбі #Кездер_ай #Әр_адамның_тағдыры #Айтылмаған_сыр #Жазылмаған_жыр #Оқылмаған_кітап

Публикация от Нұржан Аташ (@nurzhan_atash)

Жіберіп алмаңыз:

Аша Матай мінезі жараспайтын күйеуімен қалай тіл табысып жүргенін айтты

Азамат Сатыбалды жұбайымен бір сахнада жұмыс істеуден бас тартты

Жазушы Дидар Амантай Гүлбаршын Тергеубековамен некеде болғанын жоққа шығарды

Дастан Оразбеков отбасымен бірге ауруханаға түсіп қалды

Талқылау