Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Оразбеков келіншегі босанғанда қасында болып, ұлының кіндігін өзі кескен

Орда тобының әншісі Дастан Оразбеков босану үрдісінде серіктес болуға деген көзқарасының әлдеқашан қалыптасқанын айтып қалды. Ол жұбайы Жанат тұңғышын босанған кезде қасында болып, ұлының кіндігін өзі кескен екен.

image

Фото: instagram.com/dastanello/?hl=ru

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Әнші жұбайы босанған кезде қасында болып, оған қолдау көрсеткен. Ол осы сәтте жан-дүниесінде еш қорқыныш болмағанын, тек бақытқа бөленгендігін айтып жатыр.

“Ер-азаматтардың мұндайға келісе бермеулерінің себебін білемін, бірақ түсіндіре алмаймын. Олар қорықпайды, бар болғаны “ертең көзіне қалай қараймын” деп сескенеді. Ал мен жұбайымды қандай бастама болмасын қолдап жүремін. Екеуіміз отау құрған соң, алғашқы перзентімізді босанар сәтте қасында болғым келді. Өзі де “Мен саған бар жан-тәніммен сенемін. Сондықтан сен қасымда болсаң, жүрегім тыныш болады” деп ұсыныс тастаған-ды. Егер оның тыныштығы менің қасында болуыммен байланысты болса, міндетті түрде жанынан табыламын.

Өкініштісі, босанғаннан кейін мен бірден гастрөлдік сапарға ұшып кеттім. Бір жағынан ұшқанға дейін сәбилі болғанымызға қуандым. Бұл шешімге Жанат екеуіміз бір күнде келген жоқпыз. Бірақ қандай жағдай болмасын қасында боламын деп алдын ала шешіп қойған едім. Оның үстіне ұлымның кіндігін өзім кестім. Мұны көрген хирург “Сіз еш сескенбей, қобалжымай кесе салдыңыз ғой. Нағыз хирург болатын адам екенсіз” деп күлді. Ұлы сөздің ұяттығы жоқ. Бұл табиғатымызда бар нәрсе. Одан сескеніп, көңілге алудың қажеті жоқ”, – дейді Дастан Оразбеков.

Дастанның досы әрі сахналық әріптесі Ерболат Бедалхан да жұбайы босанған сәтте қасынан табылған. Естеріңізде болса, ол Дауыс International тобының экс мүшесі Асыл Бедалханмен шаңырақ көтерген болатын. Әнші ұлы мен қызының алғашқы минуттарын бірінші болып көріп, екеуінің кіндігін өзі кескен екен. Дастанның айтуынша, ер-азаматтардың мұндай шешімге келулеріне әйелдері емес, өздері себепкер болулары керек.

“Ұсыныстан бөлек, ер азамат бұл үрдіске қатысу, қатыспау мәселесін өзі шешуі керек. Мен ешкімнің қарым-қатынасына жауап бере алмаймын. Мысалы, біреу әйелінің сөзін тыңдап қана келісе салуы мүмкін. Ертең сол сәтте сескеніп, жиіркеніп қалуы да ғажап емес. Егер мұның барлығына дайын болмаса, кері қайтқаны жөн”, – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Дастан Оразбеков кезінде фанаттарының көлікті төңкергенін айтты

Дастан Оразбеков өз қолымен сүйіктісінің суретін салып шықты (видео)

Дастан Оразбеков ән ұрлаумен айналысатын әріптестерін қатаң сынады

Дастан Оразбеков қыздардан құралған жаңа топты таныстырды

Қазақстандық танымал адамдар сүйіктілеріне ұсынысты қалай жасаған

Талқылау