Дастан Оразбеков қандай жағдайда келіншегімен айырылысуға дейін баратынын айтты
Дастан Оразбеков келіншегі басқа адамды сүйіп қалған жағдайда, оны босатуға әзір екенін айтты. Бірақ, мұның қиынға соғатынын да жасырмады.
Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.
“Әншінің отбасын жасыруына себеп көп деп ойлаймын. Бірақ, әркім қай жолды таңдайтынын өзі біледі. Сол себепті, әріптестеріме нақты “Әйелдеріңді неге жасырасыңдар?” деп сауал да қоя алмаймын. Өйткені, ол әрқайсысының жеке өмірі. Көбісі өзінің танымалдылығын кішкене арттыру үшін осылай жасырады. Жалпы мен қызғаншақ емеспін, мүлдем қызғанбаймын. Бірақ, кей кезде әдейі қызғанатын кездерім болады. Өйткені, әйел адамды қызғансаң, ол өзінің ер азаматына керек екенін сезінеді.
Сіз айтып отырған басқа біреуге ғашық болып қалу деген ойдың өзі қорқынышты екен. Бұл өмірдегі қиын сәттердің бірі шығар деп ойлаймын. Өйткені, сен өмір бойы сүйіктіңмен бірге болып, артынша басқа бір адамға ғашық болып қаласың. Осы тұста өзіңді де, өзгені де алдайсың. Біз басында “Егер біреуге ғашық болып қалсақ, міндетті түрде бір-бірімізге келіп айтамыз” деп келіскен болатынбыз. Әрине, мұндайды есту оңай емес. Ол тек айырылысумен аяқталады. Оны міндетті түрде босатамын”, – дейді Дастан Оразбеков.
Психолог маман Марал Сарбасқызы әншінің пікірін қоштай түсті. Расымен де, күйеулерінің қызғаншақ мінезін жақсы көретін қыз-келіншектердің бар екенін айтты.
“Әрине, 10 минуттан кейін не болатынын ешкім білмейді. Сен танымал адам бол, қарапайым адам бол, бәрібір сені іштегі сезім жетелейді. Уақыт өте келе сезім де, өмірге деген көзқарас та, қажеттілік те өзгеріп отырады. Дастан айтпақшы, жұбайыңа тұлға ретінде қарасаң, міндетті түрде арада келісім болады. Жұлдызды ұнату – ғашықтық емес, құштарлық. Адамды көрмей, энергиясы мен жылуын сезінбей алыста жүріп сүю мүмкін емес. Бұл, негізінен, 24-27 жастағы адамдарға тән. Мұны қалыпты жағдай деп қабылдаған жөн. Адам бір нәрсеге сенуі тиіс. Яғни мұндай адамдар жұлдыздың жақсы мінезіне, іс-әрекетіне және жетістігіне таңдана қарайды. Ал мұның несі жаман? Егер сол жұлдыз тыңдармандарын алға жетелеп, стимул беріп жатса, мұның еш жамандығы жоқ. Тек шекарадан шықпаса болғандары. Біз адамды емес, оның ерекше мінез-құлқын ұнатамыз”, – дейді психолог.
Жіберіп алмаңыз:
Әлем таныған Димаштың концертін сынап тастаған желі оқырманы елді шулатты
Қазақтың гаухар тасы: Димаш тыңдармандарын тәнті етті (видео)