Дәріханалардың иелері антиковидті дәрі-дәрмектердің шекті бағаларын енгізуге қарсы

Жүзден астам қазақстандық дәріхана иелері антиковидті дәрі-дәрмектердің шекті бағаларын енгізуге қарсы. Бұйрықты денсаулық сақтау министрлігі әзірледі және құжат күшіне енеді. Фармацевтердің сөзінше, олар жаңа ережелер бойынша дәрі-дәрмектерді сатып алу бағасынан төмен құнмен сатуға мәжбүр, бұл бүкіл шағын бизнесті жояды. Ал сатып алушыларға өмірлік маңызды дәрілердің жетіспеушілігі қауіп төндіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Елде жазда COVID-тің бірінші толқыны кезіндегі сияқты дәрі-дәрмектерге қатысты алыпсатарлықтар туындамауы үшін баға шектері енгізілді. Бір жағынан, бұл шара дұрыс, дәрі-дәрмектер тұтынушыларға қол жетімді болуы керек.

Ал екінші жағынан – бизнестің мүдделері. Қазақстандағы фармацевтер үкіметтен бір аптадан бері жауап күтуде.  Олар ведомствоаралық комиссия құруды және күшіне енетін денсаулық сақтау министрлігінің жаңа бұйрығын талқылауды сұрады.

Құжатта шекті бағасы бар 131 препараттың тізімі берілген. Бағаны жоғары көтеруге болмайды. Бірақ шығынға да жұмыс істеу мүмкін емес, өйткені бағалар сатып алу бағасынан төмен, дейді кәсіпкерлер. Олар мұндай дәрі-дәрмектерді сатудан бас тартатынын айтты. Дәрілердің арасында коронавирустан басқа ауруларда қолданылатын "Клексан" да бар. Бұрын оны 18 700 теңгеге және одан жоғары бағаға сатқан, енді үкімет белгілеген шекті құны – 13 мың.

"Бұл ЭКҰ жасаған жүкті әйелдер күн сайын қолданатын дәрі. Олардың онсыз да шығындары көп. Егер оны салмаса, ұрық жай ғана өліп қалады. Өлі балалар туады. Сайып келгенде, біз бұл препаратты қабылдамаймыз, оның құны маған қымбат, мен оны 17 мыңға сатып алдым", - деді дәріхана желісінің құрылтайшысы Марал Сайыбаева.

Сондай-ақ, фармацевттер көптеген дәрі-дәрмектің антиковидтік тізімге енгеніне наразы, әдетте олар басқа көрсеткіштер бойынша қолданылады екен. Мысалы, қабынуды азайту үшін гепарин жақпа қолданылады.

Тізімде танымал антибиотиктер мен антипиретиктер бар, фармацевтер олардан да бас тартуға ниетті. Бұл алдымен тапшылыққа, содан кейін контрабандаға әкеледі, дейді кәсіпкерлер.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр