Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәріханаға жүгірмеңіздер: Министрлік коронавируспен ауырғандар қалай тегін дәрі-дәрмек ала алатынын айтты

Министрлік коронавируспен ауырғандар қалай тегін дәрі-дәрмек ала алатынын айтты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрліктің өзінше, коронавирус расталғандардың барлығы тегін көмек ала алады.

Тіпті, өзін вирус жұқтырдым деп ойлаған адамдар да ауруханаға барып тексеріле алады.

"Сырқаттанып, вирус жұқтыру бойынша күдіктенсеңіз, тіркелген ауруханаңызға барып қаралсаңыз болады. Егер вирус жұқтырғаныңыз анықталса, бұрынғыдай дәріхана жағалап жүрмей-ақ қойыңыздар! Атап айтқанда, аурудың асқындырмай, қажетті парацетамол, ибупрофен және басқа да сынды препараттар еліміздің барлық емханаларға жеткізіледі. Дәрі-дәрмектерді жеткізу "СК-Фармация" компаниясымен жүргізіліп жатыр", - дейді Қожахметов. 

Парацетамол мен ибупрофеннен басқа, қазақстандықтар «Ривароксабан», «Апиксабан» және «Дабигатран» антикоагулянттарын ақысыз алады.

"15 тамыздан бастап тағы да екі айға жететін қор әзірленуде. Стационардағы 200 мың науқасқа жететін дәрі-дәрмектің 50 түрі әзірленді. Сонымен қатар, амбулаторлық жағдайда ем алатын науқасқа емдеуге арналған дәрі-дәрмектің 5 түрін сатып алу үрдісі аяқталуда. Дәл осындай ауқымды шаралар алғашқы рет қабылданып отыр", - дейді Қожахметов.

Талқылау