Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәріханада тапшы дәрі-дәрмектер базарда сатылуда

ҚР cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы онлайн брифинг барысында кейбір дәрілердің базарда сатылымға шыққаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дәріхана

Маман елімізде заңсыз дәрі-дәрмек сату мәселесі өршіп тұрғанын айтты. Оның сөзінше, дәрі-дәрмек бағасы бірнеше есе артып, оларды сатудың басқа жолдары көбейген. 

"Елорда дәріханаларда мониторинг қорытындысы бойынша «Амлодимед» препаратының бағасын 327 теңгеге, ал «ЦЕФ-3» препаратының бағасын 2 950 теңгеге көтеру фактілері анықталды. Жамбыл облысында дәріханаларда тапшы болып отырған «Парацетамолды» базарларда тиісті рұқсатсыз сатқандығы анықталған", - деді ол.


Нұр-Сұлтанда заңсыз дәрілерді сатқан 23 адам ұсталды

"Парацетамол біздің еліміздің аумағында тіркелгеніне күмән туғызды. Өйткені оның қаптамасында мемлекеттік тілде жазбасы жоқ және медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулық берілмеген. Түркістан облысында «Клавам» препараты 980 теңге орнына 1 680 теңгеге сатылған. Сондай-ақ, аталған облыста өз қызметін тиісті рұқсатсыз жүзеге асыратын дәріхана анықталды", - деді Ғанижан Асанұлы.

Талқылау