Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дәрігерлердің қателігінен жатырынан айырылды": Денсаулық сақтау министрлігі Алматыдағы жеке меншік емхананы тексереді

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі қаланың жеке меншік емханалардың бірінде дәрігерлердің немқұрайлығы туралы мәлімдеген алматылық әйелдің шағымына жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

әйел

Министрліктің мәліметінше, қазір жеке меншік емхананы тексеру үшін комиссия құру бойынша жұмыс жүріп жатыр.

"Алматы қаласы бойынша комитет департаменті Алина Әбілеваның өтініші бойынша тәуелсіз медициналық сарапшыларды тарта отырып, "Керуен-Medicus" ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізеді.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады", - делінген министрліктің хабарламасында.

Егер тексерген кезде бұзушылықтар анықталса, медициналық мекеме қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

"ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабына сәйкес, медициналық немесе фармацевтикалық қызметкер кәсіби міндеттерін тиісті түрде орындамаған жағдайда, егер бұл әрекеттер адамның денсаулығына зиян келтірсе, қылмыстық жауаптылық көзделген.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР кодексіне сәйкес медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттары, медициналық көмек көрсету ережелері бұзылған жағдайда, егер бұл әрекеттерде қылмыстық  іс-әрекет белгілері болмаса, әкімшілік жауапкершілік көзделеді", - деп хабарлады ведомствода.

Еске салайық, Алина Әбілева жеке емханада босанамын деп ажалдан аман қалғаны хабарланды. Сөзінше, негізі дәрігерлер ау бастан келіншекті кесар тілігі арқылы босандыруы керек болған. Өйткені баланың ірі болуынан және оның мойнына кіндігі оралып қалғандықтан табиғи жолмен босандыру нәрестенің өміріне де, анасының өміріне де қауіпті екен. Дегенмен, ақ халаттылар оны босандыруға асықпаған. Туыстарым денсаулық сақтау министрлігі арқылы байланысқа шығып, жедел түрде ота жасатқан.

Ал ауыр отадан өткеннен кейін әйел жатырын алып тастағанын біліпті. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 03 Желтоқсан, 2020 11:57
Талқылау