Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлерден қорыққаны үшін ауруханаға бармаған әйелдің денесіндегі ісік 28 келіге дейін өсіп кеткен

Сингапурде 53 жастағы әйелдің денесінен салмағы шамамен 28 келі болатын ісік алынды. Ол дәрігерлерден қорыққандықтан, ауруханаға бармай жүре берген екен. Алайда уақыт өте келе ісік қозғалып, тыныс алуына кедергі келтірген.

Дәрігерлерден қорыққаны үшін ауруханаға бармаған әйелдің денесіндегі ісік 28 келіге дейін өсіп кеткен

Пациенттің бойынан жатырдың фибромасы анықталған. Бұл зиянсыз ісік болып табылады, деп хабарлайды Live Science басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Алайда ісіктің үлкейіп кеткені сонша, әйелдің қозғалысына ғана емес, демалуына да кедергі келтірген. Ол осындай күйде жарты жыл жүріпті.

Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің денесінде пайда болған ісік асқабаққа ұқсайды әрі оның құрсақ қуысы мен жабасына жайылып кеткен. Мамандар ісікті алып тастау үшін, науқастың жатыры мен аналық безін алып тастауға мәжбүр болды.

Әйелдің денесінде фиброма қашан пайда болғаны белгісіз. Алайда оның 28 келіге дейін үлкеюі үшін кемінде 5 жыл кеткен.

Бұл орайда мамандар әйелдің тамақтанған және зәр шығарған кезде жайсыздық сезінбегенін атап өтті. Демек, оның денесіндегі ісіктің көлемінің ұлғаюы өте баяу жүрген деп топшылап отыр.

Өз кезегінде пациент отадан қорыққандықтан, дәрігерлерге жүгінбегенін мойындады.

Қазіргі уақытта оның жағдайды қалыпты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде, Қызылордада және Шымкентте болған: Қазақстандық жүк көлігінің жүргізушісі коронавирустан көз жұмды

Ол сапарда баласымен бірге болған

42500 теңгенің жыры: Банктердің алдында кезекке тұрған халық төбелесетін жағдайға жетті

Халық таңнан кешке дейін ұзын кезекке тұрады

Қазақстанда тағы 18 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Жалпы жұқтырғандар саны 569 адамға жетті

Алматы облысында студенттер сабақ оқу үшін тау басына шығуға мәжбүр

Себебі, облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елдімекенде интернет жоқ

42500 теңге жәрдемақыны бәрі бірдей ала алмайды: Жаңа өзгерістер енгізілді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақыны кімдер ала алатынын айтты

42500 теңге туралы жалған мәліметтер үшін жауапкершілік қарастырылған - Еңбек министрлігі

Бүгінде 412 мыңға жуық өтініш келіп түскен

Қазақстанда коронавирустан алтыншы адам көз жұмды

️Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды

Түркістан облысында 5 жасар бала коронавирус жұқтырып алды

Осы уақытқа дейін өңірде 25 адамнан коронавирус індеті анықталды

Қостанайда бүтін бір ықшам ауданның тұрғындары өз еркімен оқшаулануға шешім қабылдаған

Олар кіреберіске бетоннан жасалған қоршау қойып, орталық кіру жолына санитарлық бекет орналастырған

Жамбыл облысында 17 адамнан коронавирус анықталды: Әкімдік түсініктеме берді

Төрт науқас - Үндістаннан келген рейс жолаушылары
Çàãðóçêà...