Дәрігерлер жыныс мүшесі кесілген жігіттің денсаулығы қалай болатынын айтты
Бұдан бұрын, Астанада сұлулық салонда жұмыс істейтін 36 жастағы әйел қызғанғаннан сүйіктісінің жыныс мүшесін кескенін хабарлаған едік. Бұл туралы “Время” хабарлады.
Оқиға 21 қаңтарда “Олимп Палас” тұрғын үй кешенінде болған.
Сүйіктісінің ұялы телефонынан басқа қызбен сөйлескенін және суретін көрген Жанна Нұржанова кек алмақшы болып оны үйіне шақырған.
Көңіл көтермекші болып жігіттің аяқ-қолын байлап, ұйықтататын дәрінің 2 данасын берген. Сосын алюминді таяқпен ұра бастаған. Ауруды сездірмейтін лидокаин дәрісін еккен. Осыдан кейін, ол скальпель алып жігіттің жыныс мүшесін кескен.
Әйел жігіттің мүшесінен тоқтаусыз қан кеткендіктен оны өз көлігімен №2 қалалық ауруханаға жеткізеді. Сол жерде әйелді полиция ұстаған.
Ер адамның денсаулығына келген зиян туралы “Ерлер денсаулығы” ассоциациясының төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, уророг дәрігер Болат Шәлекенов түсініктеме берді.
“Егер ер адамның жұмыртқасын кессе, ол енді балалы бола алмайды, бірақ жыныстық қатынасқа түсе алады. Тек, оның мүшесінде гормонды өзгерістер болады. Оның ағзасы әйел адамға ұқсай бастайды. Ер адамда семіздік, үнемі шаршаңқылық пайда болады. Ондай болмас үшін ол гормон ауыстыру терапиясынан өту керек. Немесе жұмыртқа ауыстыру отасын жасауға болады. Мұндай ота әлемде 1980 жылдан бері жасалып келеді. Бірақ, біздің елде мұндай науқастар әлі кездескен жоқ”, -дейді уророг дәрігер.
Тағы оқыңыз:
Қоғамдық жиында микрофон үшін төбелес шығарған шымкенттіктер елді дүрліктірді
Өзге ұлтпен қол ұстасқан қазақ қыздарымен күресуші азамат: Ертең мені қамаса, жезөкшелер қаптайды
Маңғыстау облысында өгей анасы баласын 20 жерінен пышақтап өлтірді
Көмір үшін талас: Алматы облысының әкімдігі видеоға қатысты түсінік берді